Бала, иллюстративті фото

ШҚО-да төрт күн бойы далада түнеген 5 жасар бала табылды

672
(Жаңартылды 17:55 05.09.2018)
Іздеу жұмыстары төрт күнге жалғасты, ауылдан бес шақырым жерде баланың велосипеді табылған

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. 29 тамыз күні кешке қарай Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарыөлең ауылында жоғалып кеткен бес жасар жасар бала төртінші күн дегенде аман-есен табылды.

 Нағашы атасы мен әжесінің қолында болған кішкентай ұл бала жоғалды дегенді естіген АІІБ, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №9 суда құтқару бөлімшесі бірден жаппай іздеу жұмыстарына кіріскен, аудан әкімінің міндетін атқарушы Мамырбек Қалелов, орынбасары Қайрат Әзімбаевтың басшылығымен іздестіру шаралары бірнеше бағытта жүрді, деп жазды altaynews.kz.

 Округ орталығына іргелес үш ауылдың барлық тұрғыны іздестіру жұмыстарына бір кісідей жұмылды. Еріктілер қатарында 28 адам мотоциклмен, 10 адам атпен шығып, іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді.

Бала нағашы атасы шөп шабатын шабындық жаққа кетті деген болжам жасалды.

 "Негізгі іздеу жұмыстары бала жоғалған күні түнде ауылдың батыс жағына қарай бес шақырым жерден велосипеді табылған бағытта жүргізілді. Сондай-ақ, бала ауыл маңайындағы каналдарға түсіп кетті ме деген қауіппен су арналарын құтқарушылар жіті сүзгіден өткізді",-дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бауыржан Оразғалиев.

Іздеу кезінде бүлдіршіннің туысы Серікбек Қожырақаев пен Тұрысбай Мұхадір есімді азамат бірнеше күн далада адасып, қарны әбден ашып, тоңып қалған баланы тауып алды.

"Кішкентай жиенімді қол-аяғы бүтін, тірідей тауып алғанымда ағыл-тегіл жылап, тізерлей кетіппін. Бірнеше күн бойы ауа райы да бұзылып, жаңбырлатып, салқындап кеткен еді. Үміт пен күдік қатар жүріп, іздеуді жалғастыра берген едік. Қолдау көрсетіп, іздеу жұмыстарына атсалысқан жерлестерімнің барлығына алғыс айтамын.  Зайсан ауданы Қаратал ауылына қоныс аударған ауылдасымыз Ахмет бақсының да көрсеткен көмегіне мың да бір алғыс", — дейді тебіренісін жасыра алмаған Қаршығаның нағашысы Серікбек.

2 қыркүйек күні күндізгі сағат 11 шамасында табылған бала бірден жергілікті дәрігерлердің қарамағына беріледі. Түстен кейін аудандық орталық ауруханаға анасымен бірге жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында болған Қаршыға екі күннен соң үйіне шығарылды.

"Ауруханаға түскен кезде баланың бойынан суық тию, жарақат сияқты ешқандай белгі анықталмады. Мамандар тек тамақ ішуін қадағалап, денсаулығына бақылау жасады. Жағдайы қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылды", — деді аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ләйлім Шоқаева.

Жиендерімен қайта қауышқан нағашы атасы мен апасы бала табылған күні ауылдағы тойханада мол дастарқан жайып, төрт күн бойы аяқтарынан тік тұрып, бүлдіршіннің тезірек табылуына атсалысқан барша азаматқа алғыстарын айтып, той жасады.

672
Кілт сөздер:
іздеу шаралары, бала, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында жоғалған 12 жасар қыз табылды
ШҚО-да жоғалған ветеринарлардың бірінің денесі табылды
Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 14 жастағы қыз табылды
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

93
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

93
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады
Иллюстративті фото

Еріктілер баспанаға мұқтаж отбасыны іздестіріп жатыр

4168
(Жаңартылды 20:49 28.10.2020)
Еріктілер қиын жағдайға тап болған және баспанаға зәру, жауапкершілікті сезінетін отбасыны іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысында тұратын Нагизовтар отбасы өз үйін еріктілерге бергелі жатыр. Бұл туралы Павлодар қаласының мейірімділер клубы хабарлады.

Үй Павлодар облысының Тереңкөл ауданындағы Песчаное ауылында орналасқан.

Енді еріктілер үйді беру үшін қиын жағдайға тап болған және осы тұрғын үйде тегін тұруға дайын жауапты отбасыны іздеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Клуб Добряков Павлодар» (@club_dobryakov_pavlodar)

Үйдің ішінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар: ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, бақшасы мен мал ұстауға арналған қора мен жаңа монша. Ерлі-зайыпты сыртқы киімдерін де қалдыруға дайын, қажетті саймандар да үйде қалады.

Қыста жағуға арналған отын мен бір тонна көмір де бар.

Мейірімділер клубының хабарлауынша, енді ауылда өмір сүруге дайын отбасы қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр 

Ауылда екі қолға бір күрек табылады. Үй Ертістен 100 метр қашықтықта орналасқан. Жанында дүкен, балабақша, мектеп, пошта, жөндеу зауыты, аурухана, әкімдік бар.

"Егер отбасыңыз үйге мұқтаж болса немесе сіз сондай адамдар туралы білсеңіз, онда @club_dobrykov_pavlodar парақшасына дайректке ақпарат жіберіңіз. Таңдау жасау өте қиын болатынын түсінеміз. Басқа біреудің қиындығын объективті бағалау мүмкін емес, алайда тырысамыз. Бұл бүкіл отбасының өмірін түбегейлі жақсы жаққа өзгертуі мүмкін, себебі олар баспаналы болады", - деп жазды еріктілер.

Сонымен қатар олар үйін берген Михаил және Елена Нагизовтарға алғыс білдірді.

4168
Кілт сөздер:
Павлодар, баспана
Тақырып бойынша
Қанат Ислам көпбалалы ананың арманын орындады
Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды
Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
Аурухана, архивтегі фото

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты қазақстандық қайтыс болды

10
3200-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 287 бала бар, 117 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 287 бала бар.

"Стационарларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 пациент емделіп жатыр. 117 адамның жағдайы ауыр, ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бір тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті 

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада 268 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 174 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 840 адам қайтыс болды. 37 378 адам пневмониямен ауырып, 397 адам қайтыс болды.

10
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды