Посещение дворца торжеств Ақ сарай

Назарбаев Қарағандыда жас жұбайларға тосынсый жасады

1611
(Жаңартылды 11:05 09.09.2018)
Мемлекет басшысы жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қарағандыда жас жұбайлар неке қию рәсімін ұзақ уақыт есте сақтайтын болды, өйткені оларды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтады. 

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Елбасы жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа "Ақ сарай" салтанат сарайына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.

"Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын!", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Жас шаңырақ иелері Қазақстан президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде "7-20-25" бағдарламасы үшін алғыс білдірді.

Жаңа салтанат сарайы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.


1611
Кілт сөздер:
отбасы күні, неке, құттықтау, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Енді неке қиюға өтінішті "Astana iMuslim" арқылы беруге болады
Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды
Сириядан оралғандардың тағдыры не болады? Назарбаев тапсырма берді
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты
Оқушылар сабақта отыр

Қостанай облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

39
(Жаңартылды 18:18 25.01.2021)
Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мектеп оқушылары мен студенттерді оқыту форматына қатысты жаңа қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңа қаулыға сәйкес, сыныптарда бала саны 15-тен аспайтын, контингенті 180 адамға дейінгі мектептерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтінішімен кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы керек.

"Қалған оқушылар қашықтан оқыту форматында білім алады", - делінген құжатта.

Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тек қана қашықтан оқиды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

Қаулы 27 қаңтарда күшіне енеді және 2021 жылдың 10 ақпанына дейін қолданыста болады.

Еске салсақ, үшінші тоқсаннан бастап республикада 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшкен еді.

Оқушылар пәндердің 70%-ін мектепте және қалған 30%-ін қашықтан оқиды.

39
Кілт сөздер:
оқушылар, карантин, Қостанай облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Облыстардың бірінде карантин күшейтіледі: неге тыйым салынды
"Дене шынықтыру таза ауада өтеді": оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитын болды
Қазақстанның бір облысында санитарлық бекеттер қойылады
Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді
Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені

Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады

78
(Жаңартылды 17:37 25.01.2021)
Инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулар өршіген жағдайда, жүктілік және бала емізу кезеңінде вакцина салынбайды

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакцина 18 жастан асқан ересек адамдарға өзі келісім берген жағдайда салынады. Бұл туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Маман Алматы қаласының емханаларында "Спутник V" вакцинасымен иммундау алгоритмін түсіндірді. Айтуынша, кез келген азамат вакцинадан жазбаша түрде бас тарта алады.

"Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанда тегін, мемлекет есебінен салынады. Әрбір азамат вакцина салудан жазбаша түрде бас тартуға құқылы. Медициналық қарсы көрсеткіші жоқ, өз еркімен келісім берген 18 жастан асқан ересек адамдарға жасалады", - деді маман.

Вакцинация екі кезеңнен тұрады: I компонетімен 0,1 мл дозада, содан кейін 21-ші күні II компонентімен 0,5 мл дозада салынады.

Вакцина алдымен кімдерге егіледі

Бірінші кезеңде 1 ақпаннан бастап екпе алатындар инфекциялық аурулардың, жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшесі, қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық бөлім қызметкерлеріне салынады.

Екінші кезеңде екінші наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге салынады.

Үшінші кезеңде бірінші сәуірден бастап мектеп-интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина егіледі.

Кімдерге вакцина салуға болады

СОVID-19-ға қарсы вакцина 18 жастан асқан ересектерге ерікті келісімі арқылы салынады. Ол үшін азаматтың медициналық қарсы көрсетілімі болмауы керек.

Маманның айтуынша, вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдығы бар адамдар мен анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялары бар азаматтарға вакцина салынбайды. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулар өршіген жағдайда, жүктілік және бала емізу кезеңінде вакцина салынбайды.

"Азамат емханада қаралып, пациенттің сауалнамасын толтырып, ерікті мәліметтерге келісім беруі қажет. Кейінгі 14 күн ішінде инфекциялық ауры бар науқаспен байланыста болса, кейінгі 14 күн ішінде ауру белгілері болса, SARS-Соv-2 вирусына ПЦР тест алынады", - деді Зарина Алтынбекова.

СОVID-19 ауырып жазылған адамдар және SARS-Соv-2 вирусына G және М класты иммуноглобулиндердің болуына оң нәтижелері бар адамдарға вакцина салынбайды.

Вакцинацияға дейін азаматты дәрігер тексереді. Дәрігерлер пациентке вакцинациядан кейінгі асқынулар туралы ескертеді.  Вакцинациядан кейін пациент 30 минут бойы медициналық қызметкердің бақылауында болады.

Вакцина салынғаннан кейін келесі үш күнде адамда тұмауға ұқсас белгілері, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы болуы мүмкін. Сонымен қатар ине егілген жер ауырсынып, ісінуі, қызаруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Германияда вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды 

Екінші кезең алдында қайта тексеру жүргізіледі. Дәрігер  вакцинаның екінші компонетін салу кезінде вакцинаға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтайды.

Иммунизациядан кейін жанама әсерлер пайда болған жағдайда медицина қызметкері пациентке көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда стационарға емдеуге жатқызады. Сонымен қатар  медициналық ұйымның басшысына хабар береді.

Асқыну анықталған сәттен бастап 2 сағат ішінде денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органына және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аумақтық органына хабарлайды.

78
Кілт сөздер:
дәрігер, вакцина
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Шектеу шараларын жыл соңына дейін ұзартуға тура келуі мүмкін – облыс әкімі
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады – Цой
Қазақстандық мұнайшылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұрады
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Архивтегі фото

Американың теңіз жаяу әскері Норвегияда не істеп жүр?

0
Ақпанда америкалықтар, норвегиялықтар, сондай-ақ голландиялықтар мен британдықтар Joint Viking 2021 ауқымды маневрлеріне қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. АҚШ Ресей шекарасына жақын орналасқан Норвегияда әскерін күшейтіп жатыр. Мұнда қаңтарда мыңға жуық теңіз жаяу әскері қоныстанды. Ал америкалық саясаткерлер мен генералдар Арктикадағы шиеленістің күшеюін жиі сөз етіп жатыр. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, бұл шиеленісті тудырып жатқан да өздері, деп жазды РИА Новости.

Теңіз жаяу әскерлері ротация аясында Солтүстік Каролинадан Норвегияға қоныс аударды. Америкалықтар бірнеше жылдан бері осындай қулыққа барып жатыр: бір бөлімшені басқа бөлімшемен ауыстырып, АҚШ-тың әскери контингенті елден кеткен емес.

Теңіз жаяу әскерлерінің міндеті – Норвегия нұсқаушыларының жетекшілігімен Арктиканың қатал жағдайында ұрыс қимылдарын жүргізуді үйрену және НАТО-дағы әріптестерімен тығыз іс-әрекетті  пысықтау.

Ақпан айында америкалықтар, норвегиялықтар, сондай-ақ голландиялықтар мен британдықтар – барлығы он мыңға жуық жауынгер Joint Viking 2021 ауқымды маневрлеріне қатысады. Натолықтар әскердің үлкен қашықтықтарда жылдам орын ауыстыруын пысықтап, барлық деңгейде ақпарат алмасу әдістерін игереді және бірнеше бірлескен операция жүргізеді.

JointViking оқу-жаттығулары жыл сайын өтеді. Броньды техника, артиллерия, авиация, кемелер және суасты қайықтары орманды немесе таулы алқапта бірнеше жүздеген шаршы километр аумақта жоғары қарқынды соғыс жағдайын қалыптастырады.

Әскери сарапшы Александр Жилин РИА Новостиге берген сұхбатында АҚШ-тың әскери доктринасына сәйкес, олардың армиясы ең алдымен шетелде соғысуға дағдыланатанын айтты.

"Сондықтан, мемлекеттің саясаты америкалық әскери күш басқа елдерде үнемі жауынгерлік операциялар, барлау, аэродромдарды айнала ұшу, теңіз жолдарын айналып өтуді пысықтау мүмкін болатындай етіп құрылды", - деп түсіндірді ол.

Сарапшының айтуынша, Пентагон жағдайды әдейі шиеленістіріп отыр. Себебі, АҚШ пен НАТО Арктикадан дәмелі.

"Теңіз жаяу әскерінің оқу-жаттығулары қорғану емес, шабуылдау сипатында өтеді, - деп сенім білдірді Жилин. – Соның ішінде, Ресейге қарсы әрекеттер пысықталады. НАТО-ның Еуропадағы маневрлеріне тұтастай сипаттама берер болсақ, онда олар Мәскеу үшін шиеленіс аймақтарын құру бойынша ұйымдастырылатыны анық. Біздің әскер алаңсыз отыра бермейді, әрине. Әсіресе, Норвегияда болып жатқан оқиғаларға қатысты әрекет ету керек. Ешқандай дегбірсіздік жоқ, бірақ біз кез келген арандатушылыққа жол бермей, жағдайды толығымен бақылауды ұстау керекпіз".

"Валдай" аналитикалық клубының сарапшысы Артем Куреев америкалықтардың Аляскада Арктикадағы әскери әрекеттерді пысықтауға арналған инфрақұрылымы бар екенін айтты. Бірақ АҚШ сонда да оқу-жаттығуда Норвегияда өткізуді ұйғарып отыр.

"Бұл НАТО көшбасшылары ретінде оларға қажет. Норвегия – альянстың ең "аға" мүшесі. Осло Ресейді ықтимал қарсылас деп санайды. Алда-жалда қақтығыс бола қалса, Солтүстік Норвегия НАТО-ның басты плацдармына айналады", - деп санайды Куреев.

Вашингтонның Арктикаға берік орын теуіп, ол жақтан басқа мемлекеттерді ығыстырғысы келген ниетіне Әскери-теңіз күші мен Теңіз жаяу әскері корпусының жаңа Арктикалық стратегиясы дәлел. Бұл құжатта "арктикалық өңірге америкалықтардың әскери-теңіз араласуы болмаса, әлемге төнген Ресей мен Қытай қаупі азаймайды" деп жазылған.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің хатшысы Кеннет Брейтуэйт атап өткендей, Ресей жағалауына жақын акваторияны патрульдеу және "Мәскеудің Қиыр Солтүстікке шабуыл жасауына" жол бермеу мақсатында Пентагон тұрақты түрде Арктикада әскери кемелер мен сүңгуір қайықтарды орналастырады.

Мойындау керек, АҚШ Солтүстікке нық орналасып алды. Норвегия бұл мәселеде басты рөл ойнап отыр. Қыркүйек айында норвегиялық Тромсе портына Seawolf субмариналары қоныс тебетіні туралы хабарланды. Бұл сүңгуір қайықтар ресейлік суасты қайықтарының бағыттарын бақылауда ұстауға негізделген.

Пентагон Арктикадағы әуе күштерін нығайтуға шындап кірісті. Өткен жылы америкалық және норвегиялық әскери-әуе күштерінің ауқымды оқу-жаттығулары өтті. Алты B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушылары Солтүстік полюстің үстімен ұшып өтіп, Норвегия әскери-әуе күштерінің жойғыштарымен бірге жаттығу жасады.

0