Өңірлер

Петропавлда ірі көлемде салық жасырумен айналысқан топ құрықталды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLҰстау
Ұстау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерлерге салық төлеуден қашқақтауға көмектескен қылмыстық топ мүшелері қолға түсті

ПЕТРОПАВЛ, 8 қыркүйек — Sputnik. Петропавлда кәсіпкерлерге жалпы сомасы үш миллиард теңгеден астам салықты төлеуден қашқақтауға көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, қолға түсті, деп хабарлады Солтсүтік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрымжан Абатов брифингте.

Калькулятор - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық: кім қанша төлейді?

"Бірнеше жылдар бойы жалған есеп-фактуралар шығарып, кәсіпкерлерге салық төлемеуге жағдай жасап келген қылмыстық топ әшкереленді", — деп мәлімет берді Абатов.

Ол атап өткендей, ұйымдастырушы мен орындаушы уақытша ұстау абақтысына қамауға алыныпты.

Қылмыстық топтың кеңсесі мен тұрғын үйлерінен ноутбуктер, жүйелік блоктар, принтерлер, флэшкалар, ЭЦП кілттер, мөрлер мен штамптар, ақшалай қаржы мен іске қатысы бар басқа да заттар тәркіленді. Тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0