Өңірлер

Өскеменде 15 жастағы қызды өлтіріп кетті

© AP Photo / Peter DejongҚолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы
Қолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денесі табылған жасөспірім колледж студенті екені белгілі болды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Өскеменде Есенберлин даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің пәтерінен 15 жасар қыздың мәйіті табылды. 

базар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада базар маңында жатқан сөмкеден әйелдің денесі табылды

Оқиға кеше қаладағы 19-шы шағын ауданда болған.

Полицияға жас қыздың қаза тапқаны туралы хабарлама сағат кешкі 21.00-де келіп түскен.

15 жастағы жасөспірім қыздың  денесі пәтерден табылып отыр. Оның колледж студенті екені белгілі болды.

"Денесінде зорлық белгілері бар", – деп мәлімдеді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

 Алтайньюс агенттігі хабарлағандай, 18 жастағы қала тұрғыны аталған қылмыста жасады деген күдікпен ұсталды.  "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтар
0