Өңірлер

Бес миллион теңге қарыз болып қалған тәрбиеші өзіне қол салды

© Photo : РixabayҚыз терезеге қарап тұр
Қыз терезеге қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің туыстарының айтуынша, оның көңіл қосқан азаматы сеніміне кіріп, қарызға белшесінен батырған

АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында асылып өлген келіншектің туыстары оның қазасына жігітін айыптап жатыр.  

Сарбаз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды

Олардың айтуынша, көңіл қосқан азаматы әйелдің сеніміне кіріп, әбден қарызға батырған. Берешегін өтей алмаған Әйгерім Молдатаева күйзеліске түсіп, ақыры өз-өзіне қол салуға мәжбүр болған дейді ата-анасы. Сондықтан марқұмның жақындары әлгі жігітке қарызды төлетіп, өзін жауапқа тартқызуды талап етеді.

Әйгерім Молдатаева ауладағы қораның ішінде 3 мамырда өзіне қол салған. Бұрын тұрмысқа шығып, ажырасқан Әйгерімнің бір баласы бар. Ол өзінен екі жас кіші жігітпен көңіл қосып, ғашықтардың құпиясы Әйгерім қаза болғаннан кейін жария болған. Әрі сол азамат оның өліміне себепкер дейді марқұмның жақындары. Олардың айтуынша, 27 жастағы жігіт оны қарызға белшеден батырып, ақыры берешекті өтей алмаған келіншек өмірімен қош айтысқан, деп хабарлады КТК.     

"Бұл жерден  200 мың алыпты. Ақшалай алған. Тауармен алғаны 300 мың. Тауар деп рәсімдеген, бірақ ақшалай алған. Ең соңғысы Каспиден миллион алған ғой. Сонда кредиттердің бәрін қалай бере берген түсінбеймін. Оның арасында құбыларынан алған", — дейді марқұмның анасы Жеңіскүл Молдатаева.

Әйгерім қаза болған соң жігіті әкесімен бірге оның туыстарына көңіл айтуға келген. Сол кезде 27 жастағы азамат сүйіктісіне әр жерден қыруар қаржы алдырғанын мойындаған дейді марқұмның туыстары. Ал оның әкесі барлық берешекті өтеп беруге уәде етіпті. 

 Алайда кейін бұл сөз құрғақ уәде ретінде қалып, екінші тарап айтқанынан айныған. Бет-жүзін көрсеткісі келмеген баласы да, әкесі де берешекті өтеуге қарсымыз дейді. Айтуларынша, банктен 27 жастағы азамат алдырды деген 2 жарым миллион теңгені толық өтеп берген.  Басқасына қатысымыз жоқ дейді. 

Полицей - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да суицид жасаған полицейге қатысты жаңа деректер шықты

Қара жамылған отбасы қыздың өліміне болмай қалған күйеу бала айыпты  және ол 5 миллионға жуық қаржыны өтесін деген сарында үстінен арыз түсірген. Алайда қылмыс құрамының жоқтығына  байланысты іс жабылып тынды. 

"Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, ҚР ҚК 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағымен қылмыстық іс өндірістен толық тоқтатылды", — дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.  

Күндерін әзер көріп отырған отбасы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Олар арызды қайта қарату үшін, прокуратураға шағым түсіргелі жатыр.

 

Жаңалықтар
0