Автобус салоны

Қарағанды облысының әкімі орынбасарларын қоғамдық көлікке отырғызды

195
(Жаңартылды 14:25 27.09.2018)
Ерлан Қошанов осылайша жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттырмақ

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өзінің орынбасарларын, басқарма төрағаларын және қала әкімдерін қоғамдық көлікпен жүруге мәжбүрледі.

Облыс басшысы қарамағындағылардың қоғамдық көлікпен жүру уақытына қатысты кесте құруды тапсырды. Жуырда облыс және қала шенеуніктері Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында қоғамдық көлікпен жүруден алған әсерлерін бөліседі.

Қошановтың бұлай жасауына жуырда Қарағандының автобустары мен троллейбустарына орнатылып жатқан электронды төлем жүйесі себеп болған. Яғни әкім бұл жаңа төлем жүйесін қарамағындағылардың көмегімен тексеріп көрмек. Облыс әкімінің айтуы бойынша, қалалық жолаушылар тасымалы үнемі бақылауды талап етеді.

"Сендер дұрыс бақыламайсыңдар. Мен де көріп отырмын. Біз бұрынғыға қайта оралып жатырмыз. Тазалық, жүйелілік, сапа және қызметкерлердің әдепті болуын үнемі бақылап отыруымыз қажет. Кесте құруды тапсырамын: менің орынбасарларымнан бастап басқарма төрағалары қоғамдық көлікпен жүретін болсын. Бұл тізімге Қарағанды әкімі де өзінің орынбасарымен бірге енгізілсін", — деді Ерлан Қошанов аппараттық жиналыс кезінде Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровке.

Аймақ басшысы қарамағындағыларға аптасына кемінде бір рет қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды. Әубәкіровтің айтуынша, билет беретін электронды жүйе құрылғысын монтаждау жұмыстары аяқталды. Ал жүйе желтоқсан айында іске қосылады.

Шенеуніктердің бұл тапсырманы орындауға қашан кірісетіндері әзірге белгісіз. Қарағандыда алғашқы электронды төлем жасау терминалы осы жылдың жаз айында орнатылды. Қазір олар сынақ режимінде істеп тұр.

195
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, әкім, қоғамдық көлік, әкім орынбасары, төлем, автобустар
Тақырып бойынша
Астананың жаңа әкімі жұмысына жаяу баратынын айтты
Шымкент әкімі тұрмысы төмен әйелдерді қамқорлығына алмақшы
Түркістан облысында ауыл әкімі тапа тал түсте "жоғалып" кетті
"Сіз секілді тас жүректер басшы болмауы керек". ШҚО әкімі неге ашуланды?
Астана әкімі 292 пәтердің кілтін табыстады
Прокуратура: жас жігітті қағып өлтірген шенеуніктің қасында Өскемен әкімі де болған
"Головкинге Астана әкімі болу үшін Қазақстанға оралатын кез келді"
Сейф

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

69
Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады.

Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

69
Кілт сөздер:
сейф, ақша, Риддер, ұрлық
Архивтегі фото

Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған

468
(Жаңартылды 16:07 28.09.2021)
"Жәбірленуші" бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан кредит алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз:

468
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0