Өңірлер

Терезенің ернеуінде жүрген оқушы Ақтау халқын шошытты – видео

© pixabayАяқ киім
Аяқ киім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеода ер бала төртінші қабаттағы терезенің сыртқы ернеуіне шығып алды

АҚТАУ, 3 қазан — Sputnik. Желіде жарияланған видеода №12 мектеп оқушысы төртінші қабаттағы терезенің сыртқы ернеуіне шығып алыпты.

Видео авторының айтуынша, оқиға 2 қазанда №12 мектепте болыпты.

Ақтау тұрғыны lada.kz редакциясына видео жолдапты, кадрларда оқушы төртінші қабаттағы терезенің сыртқы ернеуіне шыққан.

Өткен аптада әлеуметтік желіде баланың құтқарылғаны туралы видео жұртты сүйсіндірген еді. Көрші жігіт оныншы қабаттағы терезенің ернеуінен ұстап, салбырап тұрған баланы аман алып қалды.

Кейінірек бесінші қабаттан салбырап тұрған ер адамның видеосы жарияланды. Әйелі есікті жауып, үйден шығармай қойғандықтан, ер адам осылай бостандыққа шықпақ болған.

Жаңалықтар
0