Әйелдің архивтегі суреті

Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды

6569
(Жаңартылды 10:20 05.10.2018)
Қызылорда қаласы маңында ер адам қызды анасының көз алдында зорлап, кейін әйелді белбеумен буындырып өлтірген

ҚЫЗЫЛОРДА, 4 қазан — Sputnik. Үшінші сынып оқушысын зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскердің ісіне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

 Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде Қызылорда қаласына қарасты "Ягодка" бақ шаруашылығы бірлестігі аумағында үшінші сынып оқушысы зорланған болатын, ал баласын қорғамақ болған ана қаскүнемнің қолынан қаза тапты. Отағасы бұл уақытта үйде болмаған, Астанаға жұмыс істеуге кеткен. 

Полиция бұл қылмыстарға күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тергеудің мәліметінше, орта жастағы ер адам бұрын бақ шаруашылығы бірлестігінде тұрған, ал сол күні мұнда балық аулауға келіпті. Ол ішімдік ішіп алып, ана мен қыз тұратын үйге кіріп келген. Қызды зорлап, араша түскен анасын шалбардың белбеуімен буындырып өлтіреді. Әйелдің жан айқайын естіген көршілер полиция шақырған. Жарақат алған қыз ауруханаға жатқызылды, әйелді бірнеше күннен кейін туыстары мен саяжай тұрғындары жер қойнына тапсырды.

Бұл екі қылмыс туралы іс тергеліп, Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына берілді. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды.   

Сондай-ақ сотта қылмыскердің ақыл-есі кем болғандықтан түрмеде отырмайтыны хабарланды.

"Қылмыстық әрекеттерді қабілетсіз халде жасауына байланысты, амбулаторлық сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды, ол психиатриялық стационарда емделеді", — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін қыздың әкесі тұрақты баспанасы мен табысы болмағандықтан баласын үйіне әкете алмай жүргені хабарланған еді. Қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр.   


6569
Кілт сөздер:
зорлау, педофил, ана өлімі, үкім, Қызылорда
Тақырып бойынша
Ауылда 13 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін полицейлер жазаланды
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
Өскеменде гараждардың маңынан өтіп бара жатқан бойжеткенді зорлап кетті
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Кектенген қаныпезер ауыл тұрғынын зорлап, анасымен бірге өлтіріп кетті
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

428
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

428
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

82
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

82
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин