Өңірлер

Жүргізуші әйелді заң бұзуға мәжбүрлеген полицей жазасын алды

© Sputnik / Болат ШайхиновПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшысы жүргізуші әйелге заң бұзғызып, оған қатысты іс қозғамақ болған

ҚЫЗЫЛОРДА, 9 қазан — Sputnik. Қызылорданың жергілікті полиция қызметкері айғақтарды бұрмалап, жүргізуші әйелге қатысты жалған әкімшілік іс қозғағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде тұрғындардан көлігімен қашқан полицей жұмыстан қуылмақ

Облыстық прокуратура қызметкерлері әкімшілік іс бойынша сот қабылдаған шешімдердің заңдылығын тексере отырып, әкімшілік іс материалдарының жалғандығын анықтады.

"Қызылорданың жергілікті полиция қызметкері қала көшелерінде патрульмен жүру кезінде дүкен жанында тұрған көлікті байқап қалады, жүргізуші әйел сыра ішіп отыр екен, — деп мәлімет берді облыстық прокуратура. — Полицей медициналық анықтама алу үшін әйел адамды облыстық наркологиялық орталыққа алып келіп, азаматшаның жеңіл дәрежеде мас болғаны тіркелген".

Бірақ шын мәнісінде әйел мас күйінде көлік айдаған жоқ еді. Көлікті тұраққа қойып, алкоголі аз ішімдік ішіп отырды.

"Сол кезде әкімшілік құқықбұзушылықты қолдан жасау мақсатында полицей жүргізуші әйелден дүкен жанында тұрған көлікті тұрғын үй ауласына айдап апаруды талап етеді, — деп хабарлайды прокуратура. – Сол кезде полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатып, мас күйінде көлік айдағаны үшін әкімшілік хаттама толтырады".

Әйелдің құқығын қорғауға прокурорлар көмектесті – полицейге қатысты ҚР ҚК 416-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (айғақтарды бұрмалау).

"Қызылорда қаласы №2 сотының үкімімен полиция қызметкері Амангелдіұлы әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін айыпты деп танылып, бір жылға бас бостандығы шектелді", — деп мәлімет берді облыстық прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді. Ал көлік иесіне қатысты іс тоқтатылды.

Жаңалықтар
0