Шымкент

Шымкент әкімі: Егер телефонмен айта алмасаң, онда мүлдем келме видео

1231
(Жаңартылды 13:14 10.10.2018)
Шымкент әкімдігі барлық мәселені телефонмен шешу жүйесіне көшпек. Әрбір тұрғында өзінің ID картасы болады

ШЫМКЕНТ, 9 қазан  — Sputnik. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әкімдікте сағаттап өтетін жиналысты барынша қысқартып, тапсырмалар мен мәселелер тек телефон арқылы берілу қажеттігін тапсырды, деп хабарлады тілшісі.

Шымкентте Елбасының халыққа арнаған Жолдауы жаңа форматта түсіндірілді. Әкімдікте өткен жиында бірқатар басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Бірнеше басқарма басшысының есебін тыңдаған шаһар әкімі толықтай цифрландыру жүйесіне көшу керектігін, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың төте жолы екенін түсіндірді.

"Сыбайлас жемқорлықты жою, бюрократияны азайту, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы түсініспеушілікті жою менің ойымша тек қана цифрландыру арқылы мүмкін" деген Ғабидолла Әбдірахымов бұл жүйеге көшу үшін әкімдік қаржы аямайтынын атап өтті. Енді қаланың әрбір тұрғынында ID карта болмақ. Ол арқылы кез келген мемлекеттік қызметті үйде отырып-ақ алуына мүмкіндік тумақ. Тіпті халықтың қоғамдық көлікте жүру, автотұрақ сынды қызметтерді қала қонақтарына қарағанда төмендетілген бағамен алуына септігін тигізбек. Әкімнің сөзінше, әкімдік бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың жағдайын жасауы шарт. Сонымен қатар әкім аппарат басшысына жиналыстар санын қысқартып, барлық мәселені телефонмен шешуді тапсырды.

"Аудан әкімдері мен басқарма басшыларын әкімдік ғимаратына шақырып, жиналыс өткізу дегенді азайту керек. Тапсырмалар барынша тек телефон арқылы берілсін. Себебі ол жемқорлықпен байланысты. Мәселен, мен тапсырманы телефонмен беруге мүмкіндігім бола тұра, неге басқарма басшысын немесе басқасын кабинетіме шақыруым қажет? Маған көп адамдар "қабылдауыңызға кірейін деп едік" деген мақсатпен хабарласады. "Неге?" десем, "Телефонмен айтатын нәрсе емес"деп жауап береді. Мен ондайларға "Егер телефонмен айта алмасаң, онда мүлдем келудің қажеті жоқ" деймін. Дұрыс па? Сондықтан мен телефон арқылы шешілмейтін мәселе заңсыз деп ойлаймын. Құзырлы органдағылар оны тыңдап қоймасын деп кабинетіне келеді, қағазға жазып, осыны жасап беріңізші дейді. Жетер енді, меніңше, бұған шектеу қою қажет", — деді Ғабидолла Әбдірахымов.


1231
Кілт сөздер:
видео, Жолдау 2018, әкімдік, Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін үй салынады
Шымкент халқы қала әкімдігіне 10 мың шағым түсірді
Шымкент әкімі тұрмысы төмен әйелдерді қамқорлығына алмақшы
Боран, тас жол

Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

442
Бұрқасын, қар, тұман және желге байланысты республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай,  Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

442
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Қар басып қалған бала арбасы

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды

139
Жаңа босанған әйел мен нәрестенің жағдайы жақсы. Дәрігерлер оныншы рет бала босану үшйін әйел адамның денсаулығында мін болмауы керек екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Шымкенттің перинаталдық орталығында 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге алып келді.

Айжан есімді жергілікті тұрғын 25 ақпан күні дені сау бала босанды, деп жазды жергілікті Otyrar.kz басылымы. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Көпбалалы анаға перзентхана қызметкерлері естелік сыйлық табыс етті.

"Бұл келіншектің он балаға өмір сыйлағаны үшін қуаныштымыз. Он бала туу үшін оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батыр", – дейді перинаталдық орталық мамандары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 4 892 бала дүниеге келді. Жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан сәбилер арасында ұл балалар басым.

Оқи отырыңыз: Өскеменде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады

139
Кілт сөздер:
жаңа туған сәби, көп балалы отбасы, нәресте
Тақырып бойынша
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді
Атырауда көпбалалы ана дәретханада босанып, сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кетті
Павлодар облысында көпбалалы ана жантүршігерлік қылмыс жасады
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: сотталғандардың әріптестері сот үкімін жеңілдетуді сұрады
Елордада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді
Былтыр Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді

"Спутник V" вакцинасын шығарып жатқан Қарағанды зауытының қызметкерлері не дейді

0
Қарағанды фармацевтикалық кешені коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының қазақстандық үлгісінің өндірісі бойынша жұмысты өз мойнына алды

Вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстан аймақтарына жеткізілді. Ең алдымен медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер мен полицейлерге екпе салынып жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшілері фармзауытта болып, қауіпті вирусқа қарсы вакцинамен күн сайын жұмыс істейтін адамдардың өмірі қалай өзгергенін көріп қайтты.

0