Әйел

"7-20-25": екі миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі

822
(Жаңартылды 13:28 12.10.2018)
Мемлекеттік бағдарлама бойынша Алматы облысында 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Алматы облысы "7-20-25" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны азайту мақсатында екі миллиард теңге бөлді.

"Баспана" Ипотекалық ұйымы" компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай,  президент Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысы өз тұрғындарына "7-20-25" тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті меморандумға қол қойды.

Осылайша, аймақ тұрғындары 2 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады.  

Қайрат Алтынбеков еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кеткенін атап өтті. Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде "7-20-25" бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатынын хабарлады.

Бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында "Баспана" Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 миллиард теңге бөлген болатын. 


822
Кілт сөздер:
Жолдау 2018, жарна, "7-20-25" бағдарламасы., баспана, Алматы облысы
Тақырып бойынша
"Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде баспана алуға құжат қабылданады
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады
"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды
Қазақстан халқы 23 мұқтаж отбасыға баспана әперді
жүк тиегіш, фото

Маңғыстауда жүк тиегіш техника айдаған екі баланы полиция тоқтатты - видео

1366
Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 145 мың теңге көлемінде айыппұл салынған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүк тиегіш техника мінген екі баланың видеосы тарады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оларды тас жолдың бойында ұстаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеодан полиция қызметкерінің тас жолдың бойында ауыр жүк тиегішті тоқтатқанын көруге болады. Кабинадан екі бала шықты. Олар техниканы үйге апара жатқанын айтады. Сөйтсе, жас жүргізушінің жасы – 8-де, ал екіншісі – 9 жаста. Екеуі ағасына телефон шалып, жол полициясына ұсталып қалғанын жеткізеді. Полицей "Үйге жаяу барасыңдар" деп техниканың есігін жауып тастайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның былтыр қазан айында болғанын хабарлады. Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама рәсімделді. Осы бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бабы (кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, 127-бап бойынша 15-20 айлық есептік көрсеткіш (43 755-58 340 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көрсетілген. Ал 128-бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге)айыппұл қарастырылған.

1366
Кілт сөздер:
видео, Маңғыстау облысы
мұнайшылар

Мұнайшылар бас көтерді: Ақтөбе облысында не болып жатыр

855
Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында "КМК Мұнай" компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы екі күннен бері жұмысқа шықпады. Олар жалақыны 100 процентке көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Аслан Бахатовтың айтуынша, қазіргі кезде "КМК Мұнай" АҚ-сы мен компанияның директорлар кеңесі осы мәселені пысықтап жатыр. Кеше басшылық мұнайшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге келіскен.

"Бірақ мұнайшылар оған келіспей отыр. 100 процентке көтерсін дейді. Қазір олардың орташа жалақысы 200 мың теңгенің төңірегінде. Енді, 100 процентке көтерсін деп жатыр ғой. Сонда 400 мың теңгенің көлеміндегі жалақыны талап етіп отыр. Біз осы мәселені жіті бақылауда ұстап отырмыз", - деді Бахатов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, мұнайшылардың барлығы - вахтамен келіп жүрген жұмысшылар. Олар екі бригадамен ауысып жұмыс істейді. 

Айта кетейік, бүгін мұнайшылар аштық жариялады деген ақпарат шыға бастады. Олар облыс басшысының келгенін қалайды. Ал Ақтөбе облыстық әкімідігі түстен кейін ресми ақпарат береміз дейді.

"КМК Мұнай" АҚ ресми сайтында компанияның екі ірі акционері көрсетілген. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және Yukon Energy Holding S.A. Компания президенті -  Wang Jinbao (Ван Цзиньбао). Ал директорлар кеңесінің төрағасы - Вэй Юйсян (Wei Yuxiang).

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты

855
Кілт сөздер:
мұнай, Ақтөбе облысы
Вакцина, коронавирус

Отандық вакцинаның құрамында не бар

0
Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылады. Сондықтан сенімді компоненттерден тұрады, деді вирусолог

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымы, вирусолог, профессор Леспек Кұтымбетов отандық QazCovid-in вакцинасының құрамы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Инактивті вакцинаны дайындау технологиясы қарапайым. Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді. Вакцинаны егу нәтижесінде мықты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактивті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы ғылыми тұрғыда пайдаланылып келеді. Олардың зияны болмаған. Сондықтан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық", – дейді Кұтымбетов.

Оның айтуынша, вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылады. Сондықтан сенімді компоненттерден тұрады.

"Инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз. Халықтың көпшілігі вакцинаның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус", - деп атап көрсетті ғалым.

Айта кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, президенттің көмекшісі Ерлан Карин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып бойынша
COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды – маман кеңесі
"Шешім қабылдаған жоқпын": министрлер мен депутаттар қандай вакцина салдыратынын айтты
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
Қытайда пандемияға қатысты жасырын ақпарат белгілі болды
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады – Бекшин