Өңірлер

Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді

© AP Photo / Martin MejiaҚолына кісен салынған адам, архивтегі фото
Қолына кісен салынған адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
40 жастағы ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, өзінің туған қызын зорлап, қасақана өлтірген

АСТАНА, 10 қазан — Sputnik. Түркістан облысының Ордабасы ауданында 40 жастағы ер адамға өз қызын зорлап өлтірді деген айып тағылды.

Әйелдің архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды

Бөржар ауылының 1978 жылы туған тұрғыны өз қызын зорлап өлтірген. Елдің жағасын ұстатқан бұл қанды оқиға 6 қазан күні болған, деп хабарлады otyrar.kz.

40 жастағы ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, өзінің туған қызын зорлап, қасақана өлтіреді. Серік есімді күдіктіні оқиға болған жерде тәртіп сақшылары құрықтаған.

Ордабасы аудандық соты 2018 жылдың 8 қазанында  күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді. Қолға түскен қаныпезер қанды қол әкеге ҚР ҚК —нің 120 бабы 4-ші бөлігімен, яғни, "кәмелетке толмаған тұлғаны зорлау", 99 бабының 3,5,14 бөліктері бойынша, яғни шарасыз халдегі кәмелетке толмаған тұлғаны аса қатыгездікпен өлтіру бойынша айыпталуда.

Өз әкесінің қолынан қаза болған 3 жасар бүлдіршін отбасындағы жалғыз перзент көрінеді. 

Айта кетейік, күдікті бұрын сотталмаған.

Жаңалықтар
0