ШЫМКЕНТ, 11 қазан — Sputnik. Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
4 қазанда бір перзентке зар боп жүрген ер адам 2-ші сынып оқушысын зорлаған. Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.
2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған. Күдіктінің өзі бұл іске араққа мас болған халде барғанын айтып отыр.
1962 жылы туған ер адамды тәртіп сақшылары құрықтады.
"Ол ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді", — деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.
Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.
Түркістан облысында қалың тұман түседі.
Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.
Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.
Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушы автобусы өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп жазды "Мой город" басылымы.
Өрт 5 наурыз, жұма күні кешке болған. Басында ССЕР компаниясының тұрағында тұрған бір автобус жанды.
"Жалын бірден тағы төрт автобусқа көшті. Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш өрт сөндіру техникасы мен 30 адам жұмылдырылды", - деді компания өкілі Орақ Бейсембиев.
Оның ақпаратына сәйкес, өрт жарты сағаттан соң сөндірілді. Бес автобус толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.