Полицей

Атырау облысында полицейлер дәмхана иесін сабап тастады - видео

727
(Жаңартылды 12:30 19.10.2018)
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір сотқа жіберілген

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде тараған видеода дәмхана ішінде екі жігіт үшіншісін ұрып-соғып жатыр.

Желі қолданушылары бұл видеода Құрманғазы АІІБ басшысының орынбасары Жасұлан Мұқашев пен майоры Әміржан Ертаев биыл шілде айында Ганюшкино аудан орталығында "Сушняк" дәмханасының иесі Нұрсейіт Аруовты соққыға жыққаны түсірілген дейді. Дәмхана иесі полицейлерден кешкі астың ақысын сұраймын деп басы бәлеге қалыпты.

Атырау облысы полиция департаменті "Ақ Жайық" басылымына хабарлағандай, видеода шынымен Құрманғазы АІІБ қызметкерлері Мұқашев пен Ертаев екен. Олардың мәліметінше, бизнесмен полицияға бірден арыз берген. Осы дерек бойынша Атырау облысы ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғап, Құрманғазы аудандық сотына жіберді.

Тағы оқыңыз: 

727
Кілт сөздер:
дәмхана, ұрып-соғу, видео, полиция, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жүргізуші әйелді заң бұзуға мәжбүрлеген полицей жазасын алды
Қостанайда полицей өлі табылды: құнды заттарына ешкім тиіспеген
Қостанайда 4 полицей төбелесіп қалды
Қарағандыда полицей көлігімен жас жігітті қағып өлтірді
Шымкентте полицей жұмбақ жағдайда өлді: емханада ем қабылдап жатқан
Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: министр істің мән-жайын айтты
Кісен, архивтегі фото

Көкшетаулық ерлі-зайыптыны қатыгездікпен өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

253
Түнде қаскүнем көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтіріп, алтын ұрлаған

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деп айыпталған жігітке сот үкімі шықты. Сот отырысы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Істі алқабилер қарады.

Істің мән-жайы

Көкшетауда 2020 жылдың сәуір айының соңында он баласы бар егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті.

Түнде қаскүнем Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтірген.

83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелінің денесі 30 сәуірде таңертең табылды. Оларды буындырып, пышақпен кескілеп тастаған.

Қылмыс болардан бірнеше күн бұрын жәбірленушілердің пәтеріне белгісіз біреудің кірмек болғаны анықталды. Шабуылдаушылар балконға бөтелке лақтырып, әйнекті сындырған.

Қылмыс жасады деген күдікпен Щучинск қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Сол күні алтын салынған қорапша мен екі кілт ұрланған.

Сот үкімі

Алқабилер шешімімен сотталушы Д. Қазақстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды:

  • 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп жасалған тонау;
  • 24-бабы 3-бөлігі – қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу;
  • 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіріп жасалған ұрлық;
  • 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – қарақшылық;
  • 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 5, 8-тармақтары – екі немесе одан да көп адамды өлтіру;
  • 287-бабы 1-бөлігі – қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру.

Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Жәбірленуші тараптың пайдасына сотталушы Д. келтірілген моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге төлейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

253
Кілт сөздер:
қылмыскер, ерлі-зайыпты
Тақырып бойынша
Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы
Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Жамбыл облысында екі әйелді айуандықпен өлтірген қойшының денесі табылды
Алматы облысында әйелді бір жасар қызының көзінше өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Ағаш, архивтегі фото

Алматы тұрғыны жұмысшылардың заңсыз әрекетін видеоға түсіріп алды

2724
KFC мейрамханасы аумағында төрт ағашты заңсыз кескендерге айыппұл салынып, 40 түп ағаш егуге міндеттелді

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті мен жасыл экономика басқармасының қызметкерлері KFC компаниясының тамақтану орны орналасқан учаске иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жерде бір күн бұрын төрт ағаш заңсыз кесілген.

KFC тамақтану желісі ғимаратының жанында жұмысшылар ағаштарды кесіп жатқаны жайлы видеоны қазақстандық журналист, қоғам қайраткері Сергей Пономарев Facebook парақшасында жариялады.

"Алматылықтар "Sulpak" кеңсесінің алдындағы жарты ғасыр бойы өскен емен мен қарағаштарды кімнің кескенін анықтап жатқанда, биік дуалдың артында Тимирязев көшесі Көктем-2 шағын ауданындағы KFC Kazakhstan мейрамханасының жеке аумағында тыныш қана төрт қарағашты кесіп тастады. Ағашты кескендер өздерінің мегаполисте тұратынын және жақын маңдағы үй тұрғындарының немқұрайлы қарамай, видеоға түсіретінін ескермепті", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда ағаш кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды   

Алматының жасыл экономика басқармасы да, жақын маңдағы учаскелік пункт те ағаштарды кесу туралы ештеңе білмегені анықталды. Видео әлеуметтік желі арқылы тарай бастағаннан кейін ғана әрекет еткен.

Тексеріс нәтижесінде учаске иесі ағаштарды кесуге ешқандай рұқсат алмағаны  белгілі болды.

"Көктем-2 ықшам ауданы, 2/1 үй (KFC жылдам тамақтану желісі) мекенжайы бойынша қарағай тұқымының төрт ағашын заңсыз кескен. Алматының жасыл экономика басқармасына кесуге өтініш түспеді, яғни ЖЭБ бұған рұқсат берген жоқ", - делінген Алматы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Іс бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабы ("Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу") бойынша жер учаскесінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 15 АЕК – 41 670 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар өтем ретінде кінәлі азаматқа жалпыға ортақ жерлерге 40 түп ағаш егу міндеттелді.

2724
Кілт сөздер:
видео, ағаш, Алматы
Медицина, қағаз

ҰҚК жалған анықтама сатқан емхана қызметкерлерін ұстады

0
Тергеу барысында директордың орынбасары мен медициналық мекеменің бас дәрігерінің дәрігерлік-консультациялық комиссияның жалған қорытындысын 5 мың теңгеге сатқаны анықталды

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке медициналық емхананың карантин кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз өтуі үшін жалған анықтама сатқан екі қызметкерін ұстады.

2020 жылдың 18 қыркүйегінде жедел-іздестіру шаралары барысында медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге үшін жалған дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындыларын азаматтарға сатып отырған, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда қызмет бағасы 10 теңгеге бағаланған.

"Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 385-бабы 1-тармағы (жалған құжаттарды,мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

2020 жылдың 19 қарашасында күдіктілер қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Әрқайсысына 2,8  миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

0
Кілт сөздер:
анықтама, емхана, ҰҚК
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
Атырауда емхана басшылығы дәрігерлерден ақша жинағаны әшкере болды
ҰҚК "Боратқа" қатысы бар қылмыстық топты ұстады – видео
"Көміп кетемін деді": Қаскелең тұрғыны ҰҚК қызметкері зорламақ болғанын мәлімдеді  
ҰҚК қызметкерлері душар болған қайғылы жағдай туралы ақпарат шықты