Нәресте

Қарағанды облысында жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды

565
(Жаңартылды 10:27 22.10.2018)
Дәрігерлер шұғыл арада кесар тілігін жасауға мәжбүр болған. Алайда хирургтер отаны аяқтағанша бала шетінеп кетті – анасының құрсағында жатқанда пневмония және менингит дертіне шалдыққан екен

ҚАРАҒАНДЫ, 20 қазан — Sputnik. Қарағанды олблысы Ботақара ауылының тұрғыны Қадиша Дәрменбаева кесар тілігімен босанғаннан соң алты сағаттан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қадиша Дәрменбаева үшінші сәбиін өмірге әкелуі тиіс болатын. Марқұмның жұбайы айтқандай, босанатын күні ішінің төменгі жағында бір ауырлықты сезініпті. Бұл шамамен күндізгі төрт кезі болатын.

Әйел адам жергілікті ауруханаға барады. 19:40-та күйеуіне жазған хабарламасында Қарағанды перзентханасына апарғалы жатқанын айтыпты, бірақ әйелді онда жеткізіп үлгермеген. Жарты сағаттан соң суы кетіп қалып, жиырма минут ішінде шұғыл ота жасауға мәжбүр болады. Алты сағаттан соң Қадиша көз жұмды.

Ана мен бала өліміне қатысты ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлімі (Медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Денсаулық сақтау департаменті комиссия құрып, емханада тексеріс жүргізеді, тергеуге басқа облыстың мамандары да қатысқан.

"Біз сот-медициналық сараптама жасамаймыз, біздің жұмысымыз – медициналық көмек көрсетудің сапасын тексеру", — дейді денсаулық сақтау департаменті басшысы Ольга Смирнова.

Оның сөзіне сүйенсек, тексеріс барысында науқастың жағдайы күрт нашарлаған кезде хабар беру схемасында ағаттық жіберілгені анықталды: әйелдің жағдайының төмендеп кетуін дәрігерлер дұрыс бағаламапты.

"Әйел ауруханаға түскенде кардиотокография, қан талдауы жасалмаған, қабылдау бөліміндегі дәрігер уақытылы қарамаған. Алайда бұл кемшіліктер ана мен бала өліміне әкеп соқты деп айта алмаймыз, мұны тергеу анықтауы тиіс", — дейді Смирнова.

Қадиша Дәрменбаевада шарананың қабықшасы ерте жарылып, ұрықжолдасы бөліне бастаған. Кесар тілігін жасаған кезде, шарананың суы қанға түсіп кеткен. Соның салдарынан анафилаксияға (аллергиялық реакция) ұшырап, ардиопульмоналдық шок болып, әйел қайтыс болады.

"Эмболия (қантамырларының бітелуі) дамуын алдын ала болжау мүмкін емес, деп түсіндіреді Ольга Смирнова. — Ол босану кезінде болады. Ұрықжолдас бөлінген соң ота стандарт бойынша жасалған — 20 минуттан кейін. Мұның әдеттегі жағдай емес, босану кезінде шұғыл жайт туындағанын түсінуіміз керек. Оның үстіне, өте сирек кездесетін жайт. Ботақара ауруханасының дәрігерлері бұрын-соңды мұндайды көрмеген".

Кешкі сағат он бірде Қадишаның күйеуіне сәбидің шетінегені туралы естіртеді,  содан соң дәрігерлер әйелдің туыстарына ешқандай хабар бермеген. Түнгі сағат үште Қадиша жан тапсырады.

"Нәресте босану кезінде шетінеп кеткен, оған ұрықжолдастың бөлінуі мен вирустық инфекциялар себеп болды. Шарана пневмония және менингит дертіне шалдыққан. Анасы үшінші триместрде вирустық инфекциямен ауырса да, дәрігерге қаралмапты. Анасы мен баласының өлімінің себебі әртүрлі, бірақ екеуін де аман алып қалу мүмкін емес еді", — деп сөзін қорытындылады денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

Денсаулық сақтау басқармасы да тергеу жүргізіпті. Олар да сондай қорытындығы келген: ана мен баланы аман алып қалу үшін дәрігерлердің қолынан келер ештеңе болмады. Эмболия жиырма мың босанатын әйелдің біреуінде ғана кезігуі мүмкін. 

"Біз өз тарапымыздан ауруханаға хабар беру схемасын бзғаны үшін ұйғарым жазып жібереміз. Бірақ дәрігерлердің қаншалықты кінәлі екенін тергеу шешеді", — деп атап өтті ведомство.

Қарағанды облысында бес жыл ішінде осымен екінші рет ана өлімі болып отыр, 2016 жылы да бір әйел эмболиядан көз жұмған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада биыл жазда перзентханада бірнеше ана өлімі болды — босану кезінде және босанғаннан кейін бес әйел қайтыс болған.

565
Кілт сөздер:
аурухана, жас босанған әйел, өлім, ана мен бала, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды
Астанада жас босанған әйелдер көз жұмған босандыру бөлімі уақытша жабылды
Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды
Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр
Шығыс Қазақстанда жас босанған әйел сәбиін әжетханаға лақтырған
Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды
Бұрқасын, адамдар

Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды

870
Синоптиктердің болжамынша, кейбір өңірлерде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның жеті облысында 20 қаңтар дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз бұрқасын соғады, тұман басады, желдің екпіні 15 м/с болады.

Қостанай облысында кей жерлерде – тұман және бұрқасын. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасындатады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды қаласында күндіз жел күшейеді, екпіні – 18 м/с.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды

Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжануда. Петропавл қаласында да бұрқасын соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысында кей жерлерде – тұман және жел (15-20 м/с).

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында – көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, бұрқасындатады. Орал қаласында да тұман және бұрқасын болжанып отыр.

870
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, синоптиктер, Қазгидромет
Залалсыздандыру жұмысы

Түркістан облысында демалыс күндері бірқатар нысан жұмыс істемейді

25
(Жаңартылды 18:03 19.01.2021)
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да шектеу шаралары күшейтілді

АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысындағы базарлар демалыс және мереке күндері жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл болу мақсатында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 15 қаңтардан бастап жабық базарлар демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі ашық болады.

Демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі тоқтатылады. Олар дүйсенбі-жұма 09.00-ден 23.00-ге дейін ашық. Нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режим, 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек.

Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылды.

Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Міндетті түрде алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында 15 баладан аспайды. 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да шектеу шаралары күшейтілді.

25
Кілт сөздер:
нысандар, демалыс күндері, Түркістан облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың "британдық" штаммы Қазақстанға жетті ме – министр жауабы
Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді
Қытайда балмұздақтан коронавирустың жаңа түрі табылғаны рас па
Қазақстандық мұнайшылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды сұрады
Алматылықтар коронавирусты қай жерде жиі жұқтырады
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

22
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

22
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады