Шұжық өндіру, архив сурет

Екі жасар қыз шұжықтан уланып көз жұмды: өнімге сараптама жүргізілді

587
Бала өлімінен кейін ауруханада жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, шұжық өнімін жеткізушіге де тексеру тағайындалған

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Ақмола облысы Бурабай ауданында медициналық мекемелерде тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен кезектен тыс тексеріс басталды, сонымен бірге шұжық өнімін жеткізуші де тексеруден өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Үрімқай ауылында екі жасар қыздың неден шетінегені анықталып жатыр. Ата-анасының айтуынша, сәби шұжық жеп уланып, көз жұмған.

"Бурабай ауданында аккредитациядан өткен тәуелсіз медициналық сарапшылардың қатысуымен медициналық көмек көрсету сапасы жоспардан тыс тексеріліп жатыр", — деп хабарлады Ақмола облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Ата-анасы баланың өлімін Щучинск қаласында "Ақжелкен" супермаркетінен сатып алынған шұжықтан көреді. Бірақ өнімнің атауы мен өндірушіні атай алмапты. Бұл ақпарат бақылау камерасы арқылы анықталғанмен, дүкен сөресінен ол шұжық табылмаған.

"Шұжық өнімін жеткізуші де тексеруден өтеді, өндірушінің мекенжайы бойынша осы ақпарат жіберілді",- делінген хабарламада.

Департамент сауда үйінде сатылған шұжық түрлерінің, уланған балалар тұратын үйдегі судың сынама нәтижелерін, сатушылардың талдамасын күтіп отыр. Қорытынды апта соңында жарияланады.

Естеріңізге сала кетсек, 20 қазанда Бурабай ауданаралық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөлімінде екі жасар қыз көз жұмған болатын. Сәбидің немере ағасы мен әпкесі жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, жағдайлары қанағаттандырарлық.

587
Кілт сөздер:
тексеру, аурухана, бала өлімі, улану, шұжық, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Жерлеу рәсіміне келген тоғыз адам қайтыс болды
Боран, тас жол

Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

430
Бұрқасын, қар, тұман және желге байланысты республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай,  Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

430
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Қар басып қалған бала арбасы

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды

123
Жаңа босанған әйел мен нәрестенің жағдайы жақсы. Дәрігерлер оныншы рет бала босану үшйін әйел адамның денсаулығында мін болмауы керек екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Шымкенттің перинаталдық орталығында 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге алып келді.

Айжан есімді жергілікті тұрғын 25 ақпан күні дені сау бала босанды, деп жазды жергілікті Otyrar.kz басылымы. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Көпбалалы анаға перзентхана қызметкерлері естелік сыйлық табыс етті.

"Бұл келіншектің он балаға өмір сыйлағаны үшін қуаныштымыз. Он бала туу үшін оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батыр", – дейді перинаталдық орталық мамандары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 4 892 бала дүниеге келді. Жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан сәбилер арасында ұл балалар басым.

Оқи отырыңыз: Өскеменде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады

123
Кілт сөздер:
жаңа туған сәби, көп балалы отбасы, нәресте
Тақырып бойынша
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді
Атырауда көпбалалы ана дәретханада босанып, сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кетті
Павлодар облысында көпбалалы ана жантүршігерлік қылмыс жасады
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: сотталғандардың әріптестері сот үкімін жеңілдетуді сұрады
Елордада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді
Былтыр Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді

"Спутник V" вакцинасын шығарып жатқан Қарағанды зауытының қызметкерлері не дейді

0
Қарағанды фармацевтикалық кешені коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының қазақстандық үлгісінің өндірісі бойынша жұмысты өз мойнына алды

Вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстан аймақтарына жеткізілді. Ең алдымен медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер мен полицейлерге екпе салынып жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшілері фармзауытта болып, қауіпті вирусқа қарсы вакцинамен күн сайын жұмыс істейтін адамдардың өмірі қалай өзгергенін көріп қайтты.

0