Сотталушының архивтегі фотосы

Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт "не үшін?" деп жылап жіберді

5645
(Жаңартылды 10:53 03.11.2018)
24 жастағы Райымбек Рахат үкіммен келіспейтінін айтты.Сотталушының туыстары тергеу амалдары дұрыс жүргізілмеді деп есептейді

ШЫМКЕНТ, 1 қараша – Sputnik. Бүгін Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз үйінде туған анасы мен нағашы атасын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген 24 жастағы Райымбек Рахатты айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Үкімді тыңдауға сотталушы, оның туыстары мен адвокаты келді.

"Райымбек Рахат Қылмыстық Кодекстің 99-бабымен (адам өлтіру) айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтесін", — деді судья Абинұр Қарабаев.

Үкімді тыңдап болған соң туыстарымен қоштасып тұрып, көзіне жас алған Райымбек Рахат "не үшін?" деп тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. 

Сотталушының адвокаты Байзақ Ережепов алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Рахат Райымбектің туысқан ағасы Үсен Алдабергеновтың пікірінше, іс бойынша тергеу амалдары дұрыс жүргізілмеген.

"Баламыздың анасы мен атасы құрбан болғаны рас. Бірақ оны Райымбек жасағанына сенбейміз. Айғақ болатын видеолардың барлығын полицейлер алып кеткенімен, іске тіркемеген. Оқиға орнынан бөтен телефон табылған. Ол да хаттамаға тіркелмеген. Қылмыс болған кезде баланың үйде болмағанын дәлелдедік. Куәлеріміз бар. Оны да жоққа шығарып отыр", — дейді ол.

Оның сөзін жалғаған Райымбектің нағашы ағасы Жаңабек Жұмабеков "полицейлер баланың ойынға құмарлығын пайдаланып отыр" деп есептейді. 

Оның айтуынша, отбасы Райымбек 24 сәуір күні үйленеді деп дайындалып жүрген. Бір аулада екі үй орналасқан. Үлкен үйде Райымбектің анасының, кіші үйде Райымбектің жатын бөлмесі болған.Түнделетіп ойынханадан келген Райымбек түске дейін ұйықтап, үлкен үйге кірмек болған. Үйге кіргенде анасы мен атасының өлі денесін көрген. 

"Оқиғада қайтыс болған Райымбектің нағашы атасы менің туған інім. Райымбек бір үйдің жалғыз баласы. Анасы кәсіпкер еді. Қымбат үйі мен көлігі болды. Әкесі жоқ. Ағам спортпен, кәсіби бокспен айналысқан. Оны өлтіру бір адамның, мына Райымбектің қолынан келмейді. Жап-жас бала, жазықсыз кетіп жатыр", —дейді ол.

3 сәуір күні Шымкенттегі жеке тұрғын үйдің бірінен бірнеше жерінен пышақталған әйел мен қарияның мәйіті табылған болатын. Ізінше күдікті ретінде қайтыс болған әйелдің 24 жастағы баласы ұсталғаны жарияланды.


5645
Кілт сөздер:
қанды оқиға, сотталушы, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Қостанайда қызын пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
45 мың теңге үшін жолаушыны буындырып өлтірген. Такси жүргізуші сотталды
Алматыда үш әйелді пышақтап өлтірген қанды қол қылмыскер сотталды
ШҚО-да бауырын қорғаймын деп адам өлтірген полицей 15 жылға сотталды
20 рет пышақ салған: Ақтауда өгей баласын өлтірген әйел сотталды
Боран, тас жол

Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

335
Бұрқасын, қар, тұман және желге байланысты республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай,  Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

335
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Қар басып қалған бала арбасы

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды

67
Жаңа босанған әйел мен нәрестенің жағдайы жақсы. Дәрігерлер оныншы рет бала босану үшйін әйел адамның денсаулығында мін болмауы керек екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Шымкенттің перинаталдық орталығында 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге алып келді.

Айжан есімді жергілікті тұрғын 25 ақпан күні дені сау бала босанды, деп жазды жергілікті Otyrar.kz басылымы. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Көпбалалы анаға перзентхана қызметкерлері естелік сыйлық табыс етті.

"Бұл келіншектің он балаға өмір сыйлағаны үшін қуаныштымыз. Он бала туу үшін оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батыр", – дейді перинаталдық орталық мамандары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 4 892 бала дүниеге келді. Жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан сәбилер арасында ұл балалар басым.

Оқи отырыңыз: Өскеменде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады

67
Кілт сөздер:
жаңа туған сәби, көп балалы отбасы, нәресте
Тақырып бойынша
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді
Атырауда көпбалалы ана дәретханада босанып, сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кетті
Павлодар облысында көпбалалы ана жантүршігерлік қылмыс жасады
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: сотталғандардың әріптестері сот үкімін жеңілдетуді сұрады
Елордада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді
Былтыр Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді
Мектеп

Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды видео

0
Мектепте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтін шыққан. Оқушылар мен ұстаздар зардап шеккен жоқ

АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда №73 лицейде алғашқы оқу күнінде төтенше жағдай болды. Адамдарды эвакуациялуға мектептен шыққан түтін себеп болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екінші ауысым кезінде оқушылар мен мектеп қызметкерлері түтіннің иісін сезген. Кейінірек оқушылар сыртқа шығарылды, оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер мен дәрігерлер келді.

"Сағат 15:19-да мектептен қоңырау түсті. Оқиға орнына он құтқарушы мен екі техника жіберілді. Түтін шығуға қысқа тұйықталу себеп болған, ештеңе жанбаған", - деп хабарлады елордалық ТЖ департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,  мектепке материалдық шығын келмеген, кабельдер бүлінбеген. Жағдайға байланысты хаттама толтырылды. Тексерістен кейін барлық оқушы мектепке кірді. Мектеп штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, карантинге байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. 4 наурыздан бастап мектепте оқушылар аралас форматта оқиды.

0
Тақырып бойынша
Қазақстанда 15 ресейлік оқушы отырған автобус жолда қалып қойды
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Қарағандыда "бомба қойылған" мектептен оқушылар қауіпсіз жерге шығарылды
Ақтөбеде мектептің төбесі балалардың үстіне құлады – себебін комиссия анықтайды