ТҮРКІСТАН, 2 қараша — Sputnik. Түркістан облысы Келес ауданында бірнеше адамнан жұмысқа орналастыру үшін ақша алып, ізін суытқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келес ауданының полиция қызметкерлері жұмысқа орналасуға көмек көрсету сылтауымен алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерден миллион теңгеден астам ақша жинап алған күдіктіні ұстаған."2018 жылдың қазан айында жергілікті тұрғындар полция бөліміне арыз түсірген. Жәбірленушілер өз таныстары сеніміне кіріп, әрбірінен 200-500 мың теңге көлемінде ақша алып, жергілікті денсаулық сақтау мекемесіне жұмысқа орналастыруға уәде еткенін айтқан. Күдікті жалпы сомасы миллион теңгеден асатын ақшаны алып, қашып кеткен", — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстаған.
"Күдікті ретінде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Оның үстінен қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деді баспасөз хатшысы.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.
Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Шымкенттің перинаталдық орталығында 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге алып келді.
Айжан есімді жергілікті тұрғын 25 ақпан күні дені сау бала босанды, деп жазды жергілікті Otyrar.kz басылымы. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Көпбалалы анаға перзентхана қызметкерлері естелік сыйлық табыс етті.
"Бұл келіншектің он балаға өмір сыйлағаны үшін қуаныштымыз. Он бала туу үшін оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батыр", – дейді перинаталдық орталық мамандары.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 4 892 бала дүниеге келді. Жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан сәбилер арасында ұл балалар басым.
Оқи отырыңыз: Өскеменде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады
Вакцинаның алғашқы партиясы Қазақстан аймақтарына жеткізілді. Ең алдымен медицина қызметкерлеріне, мұғалімдер мен полицейлерге екпе салынып жатыр.
Sputnik Қазақстан тілшілері фармзауытта болып, қауіпті вирусқа қарсы вакцинамен күн сайын жұмыс істейтін адамдардың өмірі қалай өзгергенін көріп қайтты.