Өңірлер

Көптеген фильмде ойнаған белгілі қазақстандық каскадер көз жұмды

© Facebook / Kassym ZhumaguzhinКаскадер Қасым Жұмағожин
Каскадер Қасым Жұмағожин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Каскадер Қасым Жұмағожин әлемдік кино жұлдыздарымен бірге Голливуд фильмдеріне де түскен

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Белгілі қазақстандық каскадер Қасым Жұмағозин көз жұмды, деп хабарлайды  

Димаш Құдайбергенмен кездесу - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек
34 жастағы әртістің қазасы туралы Nomad Stunts тобындағы әріптестері хабарлады. 

"Досымыз әрі бауырымыз Қасым Жұмағожиннен айырылдық. Кося, сен мәңгілік біздің жүрегіміздесің. Біз оның туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", — делінген ресми хабарламада. 

Каскадердің неден көз жұмғаны әзірге хабарланған жоқ. 

Қазақ мемлекеттік циркінен атап өткендей, Жұмағожин екінші буындағы цирк әртісі болған. Марқұмның артында әйелі мен балалары қалды. 

Қасым Жұмағожин қандай фильмдерде ойнады?

Қасым Жұмағожин 1984 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Спорттық гимнастикадан спорт шебері. Ижевскте өткен Халықаралық цикр өнері фестивалінде "Алтын аю" жүлдесін иеленген.

Жұмағожин 25 қазақстандық, ресейлік және шетелдік фильмге түсті: "Көшпенді", "Дневной дозор", "Рэкетир", "Неудержимые-2", "Балуан Шолақ", "Коловрат", "Викинг", "Жаужүрек мың бала" және тағы басқа. 


Жаңалықтар
0