Петропавл

Петропавл Путин мен Назарбаевты қалай қарсы алды фото

397
(Жаңартылды 17:04 10.11.2018)
Солтүстегі кішкене қаланың өңіраралық ынтымақтастық "астанасы" мәртебесіне қаншалықты лайық болып жатқаны Sputnik Қазақстан материалында

ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша — Sputnik. Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путиннің қатысуымен өтетін пленарлық отырыстың басталуына аз уақыт уақыт қалды. Петропавлда не болып жатқанын тілшісі айтады. 

Қолайсыз ауа-райы

Соңғы апталарда Петропавлдағы ауа температурасы бес градусқа дейін жылып, қар орнына жаңбыр жауған-ды. Президенттер келген жұмаға қараған түні қатты аяз болды – түнгі он екіден бастап термометрдегі көрсеткіш ақырындап төмендеп, таңертең минус 15-ке жетті. Жолда мұз қатып, оларды түні бойы тазалады. 

Петропавл қаласы
Ксения Воронина
Петропавл қаласы

Таңертең Петропавлда өте суық және арасында қатты жел соғады. 

Петропавл қаласы
Ксения Воронина
Петропавл қаласы

"Нағыз солтүстік пен оны сақтаушылардың қайда екені белгілі болды", — деп әзілдеді Астана делегациясындағы адамдардың бірі. 

Солтүстіктегі кішкене қаланың "астана" деген мәртебеге лайық болып жатқанымен келіспеуге болмайды. 

Петропавлдықтардың өмірі қалай өзгерді?

Бүгін жұмыс күні және қала тұрғындарының көпшілігі жұмыстарына кетті. Форум өтетін жердегі жолды сағат 10 шамасында жаба бастады. Сол себепті тұрғындар жұмыстарына еш қиындықсыз жетті. 

Петропавл қаласы
Ксения Веронина
Петропавл қаласы

Жалпы ешқандай қарбалас байқалмайды, полицейлер де жайдарлы. 

Қонақүй мен көлік

Көптеген адамды оқиға болатын жерге апару үшін қалалық көліктер жұмылдырылды. Журналистерді рейстік автобустармен алып барды. 

Журналистер баспасөз орталығына жақындап қалды
Ксения Воронина
Журналистер баспасөз орталығына жақындап қалды

Қала үшін екі мыңнан астам қонақтың келуі күтпеген жағдай болды – қонақүйлер мұншама адамды қабылдауға дайын емес еді. Қала тұрғындары уақытша туысқандарының үйіне барып, үйлерін келгендерге жалға берді. 

Петропавл қаласындағы Қызылжар қонақүйі
Ксения Воронина
Петропавл қаласындағы "Қызылжар" қонақүйі

және өзге де астаналық журналистер, блогерлер орналасқан қонақүйдің екі қабатында әлі де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жөнделген қабаттар қарапайым, бірақ көңілге қонымды. Жаңа төсектер, матрастар және төсек-орын жабдығы. Форумға орай кеңес заманынан келе жатқан ескі қонақүйге жылтырауық жағып, шыныпакет орнатқан. Қонақтар екі-үштен орналастырылды.

Қысқасы бағдарлама күрделі болғандықтан, шараға келгендер қонақүйді түнеп, ертесінде жұмыстарына қайта оралу үшін ғана пайдаланып жатыр. 

Петропавл қаласы
Ксения Воронина
Петропавл қаласы

Бұл жердің тамағын бөлек мақтау қажет – қарапайым тағамдардың өзін ерекше дәмді етіп әзірлейді. 

Сақтық шаралары

Көшеде полицейлер әдеттегіден көп, кейбір бағыттар жабық. Бірақ адамдар емін-еркін қозғала алады. 

Петропавл қаласы
Ксения Воронина
Петропавл қаласы

Оқушылар сарайында адамдарды да, техникаларды да жақсылап тексеріп жатыр. Қызметтік иттер де жұмылдырылған. Журналистер қаруланған қауіпсіздік қызметкерлерін көрді. Бірақ мұның барлығы қарбаластың жоқтығымен және жалпы мейірімділікпен үйлесімділік тауып тұр. 

397
Кілт сөздер:
өңіраралық ынтымақтастық форумы, қонақ, қала, тұрғын, президент, Петропавл
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Тақырып бойынша
Назарбаев пен Путин Челябинскідегі форум барысында қандай мәселелерді талқылайды?
Назарбаев пен Путин Петропавлға не үшін барады – күннің бағдарламасы
Жел, боран

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

1538
30 қараша күні елдің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланып отыр. Жел күшейіп, боран болатыны хабарланды

АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, бірақ бұрқасын жүреді, деп хабарлады "Қазгидромет".

"Солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар жауады. Көптеген өңірде тұман, бұрқасын болып жел күшейеді. Солтүстік-шығыста  - көктайғақ", - делінген хабарламада. 

Дабылды ескерту

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, ал күндіз көктайғақ. 

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Түркістан облысында - тұман.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облысында да тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде минус 19-21 градус, күндіз 15-17 градус суық

Алматыда жауын-шашынсыз. Түнде минус 7-9 градус, күндіз – 2-4 градус салқын.

Шымкентте түнде – 7-9 градус, күндіз 3-5 градус нөлден жоғары.

1538
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

1642
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

1642
Адамның қолы

Үш адам қайтыс болды БҚО-дағы қайғылы жағдайдың мән-жайы

262
(Жаңартылды 09:51 30.11.2020)
Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолында болды. Үш адам көз жұмды, өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Волга" және Lada Granta көліктері соқтығысып жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город".

Жол апаты жексенбі күні Казталовка – Чапаево жолының 16-шы шақырымында сағат 15.46-да болған. 

"Лада" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы мерт болды (30 жастағы және шамамен 40-50 жастағы ер адамдар мен 52-дегі әйел).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Осы көліктің тағы екі жолаушысы мен "Волганың" жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы әйел комаға түсті. 69 жастағы ер адамның миы шайқалған, 17 жастағы жасөспірімнің қолы сынды.

262
Кілт сөздер:
жол апаты, қайғылы оқиға, адам, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды
БҚО-да жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды: ата-анасы достарын кінәлайды
Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Алматы блок бекетіндегі апат: аман қалған полицей не жағдай болғанын айтты