Өңірлер

Оралда студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

CC0 / SuperHerftigGeneral / Қыздың сұлбасы, иллюстративті фото
Қыздың сұлбасы, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19 жастағы қыз 21 қазанда белгісіз бағытта үйден кетіп қалған

АЛМАТЫ, 9 қараша — Sputnik. Орал полициясы 21 қазанда өте қызық жағдайда жоғалып кеткен 19 жастағы Гүлдана Тұржанованы іздеп жатыр. 

Адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жоғалып кеткен профессорға қатысты суыт хабар жетті

Сол күні кешке қыз бен оның анасы үйде кешкі ас ішкен. Біраз уақыттан кейін әйел ұйықтауға кетеді, ал таңертең қызының үйде жоқ екенін көрген, деп хабарлады "Уральская неделя".   

Гүлдананың құжаттары, ақшасы мен рюкзагы үйде қалған.

"Қызым 5 минутқа шығып, жоғалып кеткендей күй кешіп отырмын", — деп мәлімдеді студенттің анасы.

Әйелдің айтуынша, отбасында қашуға себеп болатындай ұрыс-керіс болмаған. Бұған дейін қыз үйден ескертусіз кетіп қалмаған.

Гүлдана Тұржанованың туыстары оның қайда екенін білетін адамдардан + 7 777 569 10 88 нөміріне хабарласуды сұрайды.  


Жаңалықтар
0