Өңірлер

Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды

© PhotoҚыздың сұлбасы, архивтегі фото
Қыздың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмады, қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 20 жастағы қыздың мәйіті табылды.

Екатерина Пудвильдің жансыз денесі сәрсенбі, 14 қараша күні Денисов ауданында өзен жағалауынан табылды. Қыздың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері болмады, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Әйел мен бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның шығысында үш баласымен жоғалып кеткен әйел табылды

Қыздың жоғалғаны туралы полицияға өткен жексенбіде туыстары хабарлады. Олар 20 жастағы тұрғынның 7 қарашада үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.

 Із-түзсіз жоғалған жанды іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылды, деректер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жіберілді.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қыздың неден өлгені сараптама  нәтижесінде белгілі болады.

Бұдан бұрын Ақмола облысында Щучинск қаласындағы Туризм және спорт колледжінің студенті жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Полиция 2002 жылы туған Анастасия Музыкинаның қайда екенін білетіндерден хабарласуын сұрайды. 


Жаңалықтар
0