Әскерге шақыру

Ақтау тұрғынын көшеден "әскерге" алып кете жаздады

373
(Жаңартылды 12:39 17.11.2018)
Әскери шақыртуға жауапты ведомство бұл жайтқа қатысты мәлімет берген жоқ

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Ақтауда форма киген белгісіз біреулер жас жігітті көлікке отырғызып, әскери комиссариатқа алып кетпек болды, деп жазады "Актау-Лада".

Редакцияға қала тұрғыны хабарласып, інісінің басынан өткен жайтты баяндайды. Дәлел ретінде ұсынған видеода әскери форма киген екі ер адам оның туысын көлікке отырғызуға үгіттеп, әскери комиссариатқа апарамыз деп жатыр.

"Неге қызметтік көлік емес, неге тіркелген мекенжайы бойынша әскери комиссариатқа шақыру жібермеген деген сұраққа шақыру да, көлік те жоқ деп жауап беріпті. Бар болғаны, белгілі бір шаралар жоспарын ғана көрсеткен"– дем әңгімелейді басылымға сұхбат беруші.

Басылым атап өткендей, Ақтаудың қорғаныс істері бойынша басқармасы әлі ешқандай мәлімет бермепті.

Қазақстан Қарулы күштерінің күзгі әскери қызметке шақыруы 1992-2000 жылғы жігіттер үшін 12 қыркүйектен басталды.

373
Кілт сөздер:
Ақтау, әскери қызметке шақыру, жас жігіт
Тақырып бойынша
Ақтауда әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады
Ақмола облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды
Шығыс Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жұмбақ жағдайда қаза тапты
Әскери адам жүріп бара жатқан пойыздың астынан баланы алып шықты - видео
Қазақстан әскери қуатын арттырып жатыр: қорғаныс шығындары өсті
Қазақстан 120 әскери қызметкерін Ливанға жібереді
ақша

Түркістан облысының екі тұрғыны жәрдемақы алу үшін 1 миллион теңге берген

307
(Жаңартылды 16:46 27.11.2021)
Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданды.

Олардың айтуынша, сырттай танысы мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесемін деп ақша алып, 1 жылдан астам уақыт алдап жүр.

Жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша тіркеді. 

Аудандық сақшылар хабар алысымен күдіктіні анықтауға бірден кірісті. Ауыл тұрғындарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті әйел тұрғын ұсталды. Оның бұған дейін сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілді – ол кімге төленеді

2022 жылдан бастап 2,3 миллион қазақстандықтың зейнетақысы өседі

 

307
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, мүгедек, ақша
көктайғақ

"Үйден шықпаған абзал": төтенше жағдайлар қызметі алматылықтарды сақ болуға шақырды

2504
(Жаңартылды 14:47 27.11.2021)
Алматыда қар аралас жауын жауады. Ауа температурасы төмендейді. Тұман түсіп көктайғақ болуы ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар басқармасы ауа райының бұзылуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.

"Алматыда қар аралас жауын жауып, кешкі және түнгі уақытта ауа температурасы 8-10 градусқа дейін төмендейді. Тұман түсіп, ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты көктайғақ болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қалалық ТЖД көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және жылдам маневр жасамауға шақырады.

Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпағаны абзал.

Алматы қаласының ТЖД жаяу жүргіншілерге бірқатар ұсыныс берді: 

  • есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
  • абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
  • әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
  • қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жер.

Оқи отырыңыз: 

13 бірдей өңірде дабылды ескерту жарияланды

Петропавлда көктайғақтан автокөлік самосвал астына кіріп кетті, жүргізуші көз жұмды

Көліктер өртеніп кетті: Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

2504
Кілт сөздер:
Алматы, ауа райы

Қытайдағы жаңа шыны көпір жұрттың таңдайын қақтырды видео

0
(Жаңартылды 18:07 27.11.2021)
Шыны көпір Қытайдың Сычуань провинциясында Башань үлкен каньонында орналасқан. Таяуда оның ресми ашылуы өтті

Көпірге келгендер айналадағы көріністі көріп таңдай қақты. Бұл маңдағы тау шатқалдары тамсандырмай қоймайды. Шыны көпірмен жүріп өткен туристер табиғаттың тамаша көркіне көз тойдыра алмағаны анық.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
көпір, видео, шыны, Қытай