Ақша

2020 жылдан бастап Шымкентте жер салығы екі есе өседі

861
(Жаңартылды 14:25 23.11.2018)
Шымкент 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді, осыған байланысты жер салығының мөлшері Астана қаласының деңгейіне дейін көтеріледі. Бірақ халықтың табысы мен жергілікті бюджеттің қажеттілігі ескеріліп, жаңа салық мөлшерлемесі бірден емес, 2020 жылдан енгізілмекші

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шымкентте жер салығы 9,17 теңгеден 19,3 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы бүгін ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Теміржанов айтты.

Жеңіс Қасымбек
© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РК

"2020 жылға дейін Шымкент үшін жердің бір шаршы метрі үшін салық 9 теңге 17 тиынды құрайды. Заң жобасына сәйкес, 2020 жылдан бастап бұл салық мөлшері Астана қаласымен теңесіп, шымкенттіктер 19 теңге 30 тиын төлейтін болады. Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін 2018 жылдың шілде айынан алды. Не себепті Шымкентке бір жылдай уақыт беріліп отыр?" — деп сұрады Теміржанов мәжілістің жалпы отырысында. 

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов үкіметтің аталған өңір тұрғындарының табысын ескергенін айтты. Сондай-ақ, 2020 жылы жаңа субвенциялар бөлінетініне тоқталды.

"Жергілікті бюджеттің кіріс базасы есептелді. Ол бұрынғы ставкалар ескеріле отырып, 2019 жылға дейін есептелген, сондықтан жаңа мөлшерлемені 2020 жылдан енгізу ұсынылды. Бұл субвенцияларды өзгертпей, жергілікті бюджеттің тұрақты болып қала беруіне жағдай жасайды. Екіншіден, халықтың жаңа салық мөлшеріне дайындалуына уақыт береді", — деді ол. 

Мұнымен қатар, Дәленов 2019 жылы Шымкенттің кіріс мөлшері шығыстан асып түсетінін айтты. Яғни қала өз бюджетімен өзін асырай алады.

"Біздің болжауымызша, шамамен 8-15 жыл ішінде Шымкент дотациялық қаладан донорлық қалаға айналады. Әзірге нақты бағдарламалар жоқ. Бірақ міндетті түрде бюджеттік реформалар болады. Осының арқасында Шымкент 2025 жылы донор қалаға айналады деген үміттеміз", — деді вице-министр.

Шымкенттен бөлек, салық кодексіндегі өзгерістер Түркістан қаласына да қатысты. Биыл Түркістан облыс орталығы мәртебесін алды. Жер салығымен қатар мүлік салығының да мөлшері өзгереді.

861
Кілт сөздер:
жер салығы, мәжіліс отырысы, өзгерістер, Түркістан, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Министр Қазақстанда салық амнистиясы қалай жүргізілетінін айтты
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық: кім қанша төлейді?
Қазақстанда жаңа салық режимі енгізіледі
Енді пәтерді жалға беретіндер екі есе аз салық төлейді
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

1387
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

1387
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы
Әлеуметтік желі

Теңізде болған жағдайдың видеосы желіде тарады

2491
(Жаңартылды 11:45 06.03.2021)
Өрт жарты сағаттан соң сөндірілді. Бес автобус толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушы автобусы өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп жазды "Мой город" басылымы.

Өрт 5 наурыз, жұма күні кешке болған. Басында ССЕР компаниясының тұрағында тұрған бір автобус жанды. 

"Жалын бірден тағы төрт автобусқа көшті. Өртті сөндіруге "Теңізшевройл" компаниясының үш өрт сөндіру техникасы мен 30 адам жұмылдырылды", - деді компания өкілі Орақ Бейсембиев.

Оның ақпаратына сәйкес, өрт жарты сағаттан соң сөндірілді. Бес автобус толықтай өртеніп кетті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

2491
Кілт сөздер:
Атырау облысы, өрт, автобус, видео
Тақырып бойынша
Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды
Адамдар отырған көлікті автобус бел ортасынан соққан сәт видеоға түсіп қалды
Семейде әйел автобуста 3 млн теңгесін ұмытып кетті
"Ол күнді ұмытпаймын": бақылаушылар автобуста болған қызықты оқиғаларды айтып берді
Алматыда автобус "Mega" сауда орталығына соғылды: бес адам зардап шекті