Өңірлер

Инвестициялық форум қатысушылары Байқоңырдан зымыранның ұшырылуын тамашалайды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБайқоңырдан зымыранның ұшырылуы
Байқоңырдан зымыранның ұшырылуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
3-4 желтоқсанда өтетін инвестициялық форумға көптеген елдің ресми тұлғалары мен бизнес-құрылымдардың өкілдері келеді

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Қызылордада оныншы рет Baikonyr Invest халықаралық инвестициялық форумы өтеді. 

Форум 3-4 желтоқсанда өтеді. Тақырыбы: "Жасыл" экономика — өңірді дамытудың жаңа бағыты". 

"Форумның негізгі мақсаты — шетелдік және отандық инвесторлардың өңір компанияларымен өзара тиімді әріптестігін орнату, инвестициялық жобаларды іске асыру, өңір экономикасын әртараптандыру мен жаңғырту үшін бизнес, ғылым және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады", — деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Форумда не талқыланады?

Сарапшылар жаңа технологиялар мен "жасыл кластерлерді" енгізу мәселесін талқылайды.

Сонымен қатар жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қалдықтарды пайдаға асыру және басқа да секторларда өңірдің табиғи әлеуетін пайдалану мәселелері әңгіме арқауы болады. 

Форум қалай өтеді?

Форум аясында пленарлық отырыс және 4 секцияның жұмысы өтеді:

ЖЭК бойынша жобаларды енгізу мәселелері, ТКШ энерготиімділік, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;

  • Цифрландыру. Smart city;
  • АӨК-дегі "Жасыл технологиялар", су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру;
  • Жасыл экономиканы дамытуда МЖӘ тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері.
  • Шара барысында инвестицияларды қажет ететін жобалар көрмесі, В2В, G2B, G2G форматындағы кездесулер, сондай-ақ, бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі ұйымдастырылады. 

Форумға кімдер қатысады? 

Форумға Испания, Франция, Болгария, Қытай, Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден ресми тұлғалар мен бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған. 

Форум спикерлері:

  • Француз Республикасының сенаторы Пьер Кабарэ;
  • ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Тұяқов;
  • ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасы Ерлан Хаиров;
  • "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАҚ басшысы Рапиль Жошыбаев және тағы басқалар.
  • Модераторы — BBC World News коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин.

Дәстүр бойынша облыс әкімдігі форум қатысушылары үшін арнайы "Байқоңыр" ғарыш айлағына "Союз-МС" зымыранының ұшырылуын бақылауға экскурсиялық тур ұйымдастырады.

 — X Baikonyr Invest халықаралық инвестициялық форумының ақпараттық серіктесі. 

Жаңалықтар
0