Диплом

Шымкентте 6 колледждің ұстаздары жалған дипломмен жұмыс істегені әшкереленді

1203
(Жаңартылды 17:49 11.12.2018)
Жалған дипломға қатысты 7 факті тіркелді

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Прокурорлар Шымкент қаласында көптеген ұстаздың жалған дипломмен жұмыс істеп келгенін және арнайы білім беру мекемелерінде қаржының дұрыс игерілмегенін әшкереледі, деп хабарлайды КТК арнасы

"Тексеру барысында студенттердің мүлікке қатысты құқықтарының, білім туралы заңнаманың, санитарлық нормалардың бұзылғаны мен т.б. бірқатар заңбұзушылықтың болғаны анықталды. Бұдан өзге мүғалімдердің жалған дипломмен жұмыс істеп келгені белгілі болды", — деді Шымкент қалалық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Батыр Ергешов.

Жалған дипломға қатысты 7 факті тіркелді. Мысалы, индустриялдық-техникалық колледждің педагогы мемлекеттік Мұхтар Әуезов университетінің бітіргендігі жөнінде 5 жыл бұрын алған жалған дипломымен сабақ беріп келген. Ал қалалық білім басқармасына қарасты №4 колледждің есепшісі мемлекеттік сатып алу бойынша былыққа жол бергені үшін жұмыстан қуылып, директоры 240 мың теңге айыппұл төлеген.

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, тексеріс барысында "Мирас" және "Саз" колледжінің 586 студентіне жолақысына берілуі тиіс ақша төленбей келгені белгілі болды. Алайда бұл ақпаратты "Саз" колледжінің басшылығы шжоққа шығарып отыр.

"Бізде жазғы және қысқы сессияның нәтижесі бойынша, жол төлемақысы жылына 2 рет төленеді. Ол ақпан айында және қыркүйек айында беріледі. Бәрі алып жүрді. Прокурордың ақпаратты соңына дейін тексермей жаңсақ бергеніне ренжіп тұрмыз", — деді "Саз" колледжі директорының орынбасары Күмісай Толыбаева.

1203
Кілт сөздер:
Шымкент, төлемақы, ұстаз, айыппұл, колледж, диплом
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
"Ақшаның астында қаласың". Кореяда жұмысқа тұрғызуға уәде берген алматылық әйел ұсталды
Өскемен тұрғынын пәтерге алдап апарып, зорлаған ер адам ұсталды
Алматыда нашақор 1000 дозадан астам есірткімен ұсталды – видео
Астанада мектепке "бомба қойған" 15 жастағы оқушы ұсталды
Есің дұрыс па? Мұғалім оқушының киген киіміне тиісіп жылатып қойды- видео
Астанада 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған
Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған мұғалім сотта жылап кешірім сұрады
Сейф

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

58
Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады.

Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

58
Кілт сөздер:
сейф, ақша, Риддер, ұрлық
Архивтегі фото

Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған

375
(Жаңартылды 16:07 28.09.2021)
"Жәбірленуші" бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан кредит алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз:

375
Тауарларды таңбалау

Темекі өнімдерін таңбалау жұмысы оңайлатылды

0
Шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады, деп мәлімдеді мемлекеттік крістер комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алкоголь өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі қолданыстағы пилоттық жоба тоқтатылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік крістер комитеті.

Сондай-ақ темекі өнімдерін таңбалау жұмысы да оңайлатылды – ол өндірушілер/импорттаушылар және көтерме саудада өткізушілер деңгейінде ғана жалғастырылады.

"Бұл ретте бөлшек сауда сатушыларына тауарларды 2D сканерлерді сатып алмай және қолданбай таңбалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде алғанын растау жеткілікті болады. Осылайша шағын бизнеске қосымша қаржылық және әкімшілік жүктеме алынып тасталады", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстанда алкогольді таңбалау бойынша пилоттық жоба 2019 жылдың 1 маусымында іске қосылды. Бұған дейін міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 сәуірінен басталады деп жоспарланған болатын.

Қаржылық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шараны енгізуге басты себеп – 2020 жылдың өзінде жасанды алкоголь өндіретін 50-ден астам жасырын цех жойылған. Көлеңкелі айналымнан 1,5 миллионнан астам бөтелке, 400 мың литрге жуық спирт және 500 мың жалған есептеу-бақылау маркалары алынды.

Оқи отырыңыз:

0