Амандық Баталов

Амандық Баталов: бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 35%-ке өседі

1359
Амандық Баталов 14 мың жұмыс беруші қоластындағылардың жалақысын көтеруге келіскенін айтты

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында жұмыс берушілер 32 мың жұмысшының жалақысын көтеруге келіскен. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 41 мың жұмысшының жалақысы орташа есеппен алғанда 35%-ке өседі. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Астанада өткен брифингте айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Әкімнің сөзіне сенсек, Алматы облысында соңғы үш жылда экономика секторындағы жергілікті табыс бір жарым есеге өсіп, 191 миллиард теңгеге жетіпті. Бұдан бөлек, биыл 29 мың жұмыс орны ашылған. Амандық Баталовтың айтуынша, тұрғындардың жалақысы да өседі. 

"Жаңадан құрылған жұмыс орнының саны 30 мыңға жуықтап қалды. Өңірде жұмыссыздық 4,6%-ке азайды. 14 мың жұмыс беруші 32 мың жұмысшының жалақысын көтеруге келісті. Бұл туралы Елбасы өзінің жолдауында айтып кеткен болатын. Сондай-ақ, бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін 41 000 адамның жалақысы орташа есеппен 35%-ке өседі", — деді Баталов Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифинг барысында. 

Мұнымен қатар, облыс әкімі өңірде тарифтерді арзандатып, көмір бағасын реттеуге байланысты шаралар жүргізіліп жатқанын айтып өтті. "Қапшағай жылу" тарифті — 7,7%, "Талдықорған теплосервис" 13,3%, "Жетісу энергетика" 2,4%-ке арзандатқан.

Тағы оқыңыз:

"Көмір бағасы — үлкен проблема. Арадағы тасымалдаушылар көмірді халыққа жеткізгенше үстіне ақша қосып үлгереді. Осы мәселені реттеу үшін бір ғана оператормен жұмыс істеуді қолға алып жатырмыз", — деді облыс әкімі.

Бұдан өзгеғ Амандық Баталов "Туған жер" жобасы шеңберінде бизнес өкілдерінің әлеуметтік нысандардың құрылысы мен ауқымды жобаларға араласып жатқанын айтты. Осы жоба аясында 2,5 миллиард теңгеге 157 жоба іске асқан.

1359
Кілт сөздер:
тарифтер, жұмыссыздық, әкім, жалақы, Амандық Баталов, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Амандық Баталов: Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмейді
Қазақстанда орташа жалақы көбейіп, 160 мың теңгеге жуықтады
Зейнетақы, жәрдемақы және жалақы өседі - Назарбаев тапсырма берді
Қазақстанда орташа айлық жалақы 9,1 процентке өседі
Ақышев 10 млн теңгенің пәтерін алу үшін жалақы қанша болу керектігін айтты
Нығматулин: Қазақстанда орташа жалақы 17 есе өсті
Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

27
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

27
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады
Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер суицидтің алдын алды

Алматыда ер адам өзін өртеп жібермекші болды оқиға немен аяқталды

1352
(Жаңартылды 19:48 04.12.2020)
Алматы қаласының полиция қызметкерлері мен Медеу ауданының өрт сөндірушілері қайғылы жағдайдың алдын алды

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ер адам өзіне және көлігіне бензин шашып, суицид жасауға әрекеттенді.

Оқиға 4 желтоқсанда Шымбұлақ көшесі, 10 мекенжайында болды.

"1983 жылы туған ер адам өзіне және көлігіне бензин шашты. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көліктері сирена қоспай, дыбыс шығармай келді – бұл кезде Медеу аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері келіссөз жүргізіп жатты", - делінген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерінің пәрменін күтіп отырып, ер адамға күтпеген жерден су шашып, суицидтің алдын алды.  

"Оқиға орнына келгенiмiзде ер адамның күйзелicке түскенін байқадық. Ол азаматпен әңгiмелесіп, уақытты барынша созуға тырыстық. Жылдам жеткен өрт сөндірушілерді өзіне қол жұмсамақ болған тұрғын байқап қалмау үшiн бар күшімiздi салдық", - деп атап өттi полиция аға лейтенанты Сәкен Жүнicбай.   

Сотрудники полиции и пожарные Медеуского района  предотвратили суицид
© Photo : ДЧС Алматы
Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер суицидтің алдын алды

Құтқару жұмысына Медеу аудандық полиция бөлімінің 10-нан астам қызметкері, жедел жәрдем бригадасы, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

1352
Кілт сөздер:
Алматы, суицид