Самал Еслямова

Самал Еслямова жаңа қырынан танылды

1551
(Жаңартылды 11:56 19.12.2018)
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов атақты жерлесін маңызды наградасымен құттықтап, гүл сыйлады

ПЕТРОПАВЛ, 16 желтоқсан — Sputnik. Петропавлда өткен салтанатты жиында белгілі актриса, Канн кинофстивалінің лауреаты Самал Еслямова Абайдың әнін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты жиында солтүстікқазақстандықтарға орден, медаль және құрмет грамоталарын табыстады. 

Тәуелсіздік күніне орай өткен жиынға Самал Еслямова да қатысып, жерлестерінің жылы лебізін естіді. Жуырда Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев кино актрисаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын берген еді. 

"Облыс әкімі Құмар Ақсақалов атақты жерлесін маңызды наградасымен құттықтап, гүл сыйлады", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Салтанатты жиын соңы әдемі мерекелік концертке ұласты. Оған Солтүстік Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық жұлдыздар қатысты.

Актриса Самал Еслямова СҚО-да өткен салтанатты жиында Абайдың әнін орындады
© Photo : пресс-служба акима СКО
Актриса Самал Еслямова СҚО-да өткен салтанатты жиында Абайдың әнін орындады
 Самал Еслямова да концертте жаңа қырынан танылды. Ол Мұқанов атындағы қазақ театрының актерлері мен спортшы Маргарита Мұқашевамен бірге ұлы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындап, жерлестеріне тосын сый жасады.

1551
Кілт сөздер:
Тәуелсіздік күні, әртіс, мереке, ән, концерт, Самал Еслямова
Тақырып бойынша
Самал Еслямова түскен фильм Германияда бас жүлдені жеңіп алды
Самал Еслямова ғажайып Қазақстанды аралауға кеңес береді
Самал Еслямова Мәскеуде қазақ тілін естігенде не сезінетінін айтты
Самал Еслямова халықаралық кинофестивальде тағы да үздік актриса атанды
Самал Еслямова: Мені Мәскеу жақсы қабылдады
Нұрлан Санжар: Самал Еслямова марапатты ресейлік актриса ретінде алды
Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатқанын айтты
Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова туралы не білеміз?
Самал Еслямованың жетпістегі әкесі: Қызым атқа мініп, мал бағып өсті
"Актер болуды армандаған емеспін". Самал Еслямова қазақстандық журналистермен кездесті
Иллюстративті фото

Қазақстанда бала туудан қай өңір көш бастап тұр

89
Бала туу және халықтың табиғи өсімі бойынша республикада Түркістан облысы көш бастап тұр. Қазір өңірде екі миллионнан астам адам тұрады

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда бала туудан көшбасшы өңір анықталды. Алдыңғы қатарда Түркістан облысы тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде өңірдегі халық саны 2 036 029 адамды құрады.

Оқи отырыңыз: Танымал қазақ әншісі алтыншы сәбиін дүниеге әкелді 

Оның ішінде қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адам (79,7%) тұрады. Өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда халық саны 1,4%-ке өскен.

"Республика бойынша Түркістан облысы туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұр", - деді  облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков.

Облыс тұрғындарының табысы қандай

2020 жылдың екінші тоқсанында Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 301 теңгені құрады.

Ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында 243 324 теңге болып белгіленсе, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында  тіркелді – 137 498 теңге.

Сонымен қатар облыста азық-түлік тауарларының бағасы 7,1%-ке, азық-түлік емес тауарлар 3%-ке, ақылы қызметтер 5,5%-ке қымбаттаған.

2020 жылдың қаңтар-маусым айы бойынша Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 770 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі бойынша республикада бірінші орынға шықты.

Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіптің үлесі – 19,7%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 14,6%, білім беру – 12,7%.

89
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, бала туу
Тақырып бойынша
Министр Нұрымбетов депутаттардың зейнет жасын төмендету туралы ұсынысына жауап берді
Депутат қанша қытай Қазақстан азаматтығын алғанын айтты 
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Коронавирустың екінші толқыны басталса, 2,2 млн адам қиын жағдайда қалуы мүмкін
Архивтегі фото

Атырауда бес жыл бұрын сотталған әйел түрмеге қамалды

402
Сот жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Атырауда жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды. Әйелге қатысты сот үкімі 2015 жылы шыққан, деп хабарлады Polisia.kz.

Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша ("жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") айыпты деп танылған.

"Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті 

Полицияның хабарлауынша, сотталған әйелдің жазасын өтеу  мерзімін шегеру уақыты аяқталды. Соған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.

Сот шешімімен әйел УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталушының кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

402
Кілт сөздер:
түрме, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты