Өңірлер

Алматы облысында дүкен түгі қалмай өртеніп кетті

© Photo : Комитет по ЧСБір қабатты дүкен өртеніп кетті
Бір қабатты дүкен өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған, өртті ТЖ қызметінің 18 маманы сөндірді

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би кентінде "Жандос" азық-түлік дүкені өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шығыс Қазақстанда жойқын өрт екі сәбидің өмірін жалмады
Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт туралы хабар Астана уақытымен таңғы 06:12-те түсті. Тілсіз жау сегізге таман толығымен сөндірілді. 

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен алты техника жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Осдан төрт күн бұрын Қостанайда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмған еді. Тағы жетеуі денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.

Жаңалықтар
0