Өңірлер

Алматыда Денис Теннің өлімі бойынша сот басталды

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот отырысына екі тараптың қорғаушыларымен қатар, Денис Теннің туғандары, сондай-ақ БАҚ өкілдері келді

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотына 100-ге жуық адам жиналды. Олардың арасында спортшының туыстары, тілшілер бар. 

Денис Теннің анасы Оксана Ким сот отырысы барысында өзін суретке түсіруге қарсы екенін айтып, сот процесінің ашық түрде өтуіне рұқсатын берді. 

Сотталушы Жанар Толыбаева мен Арман Құдайбергенов өздерін түсіруге тыйым салса, Нұрлан Қиясовтың қорғаушысы фото және видеотүсірілім жасауға қарсылық білдірді. 

Сот ашық отырыс болғандықтан, ақпарат таратуға рұқсатын берді. 

© SputnikДенис Теннің өліміне қатысты іс бойынша күдіктілер сот залында
Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша күдіктілер сот залында - Sputnik Қазақстан
Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша күдіктілер сот залында

Сот отырсына Кеңшілік  Әбділдинов төрағалық етеді, айыптаушылар –  Досов Қуандық, Айдар  Сибогатов. Теннің ата-анасының құқығын сотта Нұрлан Өстеміров қорғайды.

Отырыста 19 шілдеден бастап қамауда отырған Нұралы Қиясовтың Алматыда Шаңырақ ықшам ауданында туған ағасы мен жеңгесімен тұрғаны белгілі болды.

23 шілдеден бері қамауда отырған Өзбекстанда дүниеге келген Қазақстан азаматы күдікті Жанар Толыбаева өзінің тұрмыста болғанын, 4 жастағы баласы бар және екінші баласына аяғы ауыр екенін, жүктіліктің алтыншы айында екенін жеткізді.  

© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау - Sputnik Қазақстан
1/3
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау - Sputnik Қазақстан
2/3
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
© Sputnik / Тимур БатыршинДенис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау - Sputnik Қазақстан
3/3
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
1/3
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
2/3
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау
3/3
Денис Теннің өлімі бойынша бастапқы тыңдау

Денис Теннің қазасы

Биыл шілденің 19-ында тапа-тал түсте Алматының қақ ортасында мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді көлік ұрылары пышақтап кетті. Мұз айдынын бағындырған 25 жастағы спортшы бір айнаның кесірінен жарқ етті де, жоқ болды.

Денис Теннің жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Өмірді шын сүйемін". Денис Теннің арманы қандай еді?

Денис тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі қаскөйдің үстінен түседі. Арада жанжал басталып, ұрылардың бірі спортшыны пышақпен жарақаттайды. Үш литр қан жоғалтқан спортшының өміріне дәрігерлер араша түсе алмады. Тен ауруханада кешкі бестер шамасында көз жұмды. 

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін қамауға алынды.

Жаңалықтар
0