жаңа жыл

Жылдың соңғы күнінде ауа райы қандай болады: 31 желтоқсанға болжам

525
Бірнеше облыста жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте қар жаумайды, күн жылы болады

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Қазгидромет 31 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды. 

Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерде тұман, бұрқасын болады. 

Астанада күн 10 градус аязға дейін жылынады. Бұлтты, қар түсуі мүмкін. 

Алматыда  5 градус аяз шамасында болады. Таңертең қар жауады. Күннің екінші жартысында күн шығады, ал жаңа жыл түні жақындағанда бұлттанады, бірақ қар жаумайды. 

Ал Шымкент тұрғындары жаңа жылды қарсыз қарсы алады. Ауа температурасы +4 градусқа дейін көтеріледі. 

525
Кілт сөздер:
жаңа жыл, 31 желтоқсан, ауа райы болжамы
Тақырып бойынша
2019 жылға жұлдыз жорамал: Жаңа жылда кімдердің жолы болады?
Қазақстанда жаңа жылда қосымша пойыздар жүреді
Астанада жаңа жылда қайда баруға болады?
Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?
архивтегі сурет

Жел, көктайғақ: синоптиктер 21 қаңтардағы ауа райын болжады

20
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 21 қаңтарда болатын ауа райына болжам жасады. 

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігіне антициклон жотасы әсерін тигізетін болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен көбінесе қар түріндегі жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, солтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшею мүмкін.

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанған.

Оқи отырыңыз: Су тасқыны, жер сілкінісі, өрт: 2021 жылы әлемде болған ірі апаттар – фото

 

20
Кілт сөздер:
ауа райы, жел
архивтегі сурет

Жамбылдық полицейлер жерге көмілген қару-жарақ тапты видео

53
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ тапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Біреулер 8 автомат пен оған арналған 17 оқ, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, "Krall" маркалы мылтық пен 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды" - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Оқи отырыңыз: "Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды – видео

 

53
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, полицейлер, қару-жарақ
АҚШ туы

АҚШ Ресеймен соғысуды қалай ма БАҚ

0
Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Батыстағы элита БАҚ-та ақпараттық шу шығарып, Украинаны Ресейден "құтқарып" жатқан шақта америкалық әскерилер өз шаруаларын тындырып жатыр, деп жазды РИА Новости.

НАТО Біріккен қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Филипп Бридлав Еуропада америкалық заманауи стратегиялық көлік ұшақтары мен жанармай тасымалдайтын ұшақтардың жоқ екеніне шағымданды. Ол ұшақтар әуедегі НАТО басымдығын қамтамасыз ететін еді. Алайда кімнен басым түсу қажет? Генерал Бридлав Ресеймен соғысты жоспарлап отырғаны анық.

Ол 2014 жылы НАТО Әуе күштеріне қолбасшылық еткен шақта "сыпайы адамдардың" Қырымға қонуын байқамаған сыңай танытты. Ол сол кезде ашуға мініп, Ресейдің айыру белгісі жоқ әскерді қолдануын ең таңғаларлық блицкирг деп бағалады. Ол бүгінгі жағдайды сол оқиғаның есесін қайтарудың мүмкіндігі ретінде қарастыратын секілді.

Пентагонға қызмет ететін Гудзон институтындағы аналитиктер тез арада америкалық орташа қашықтыққа ұшатын зымырандарды Ресей шекарасын бойлай орналастыруға және НАТО әскерін Сувалки дәлізіне жөнелтуге кеңес береді. Бірақ олар Сувалки дәлізі Белоруссия мен Калининград облысының арасында 65 километрге созылып жатқан аумақ екенін біле ме? Бір жағында Литва болса, екінші жағында Польша орналасқан. Картада бәрі анық көрсетілген. Сонда Украинаның бұған не қатысы бар?

Шындығында Украинаның ешқандай қатысы жоқ және көп уақыттан бері барлығы ашық әрекетке көшті. Америкалықтар Ресеймен соғысуды көздеп отыр. "Тежеу" – бұл сыпайы эвфемизм. АҚШ Украинаны да Балтық маңы елдері секілді қажеттілігіне қарай қолданады. Территориясын әскери әрекеттер театры ретінде, халқын соғыс кезіндегі адам шығыны ретінде, елдегі билікті өз дегенін бұлжытпай орындайтын "одақтас" ретінде қолданады.

Америкалық әскеридің жоспары олар өз одақтастарын аса бағаламайтынын айғақтап тұр. Себебі Украина барлық стратегиялық шараларда атүсті аталады. Украина үшін Ресейді тежеу туралы бірер сөз айтылса, одан кейінгі жоспар ауқымдылығымен таңғалдырады. Сувалки дәлізі, тасымалдаушы ұшақтар, "die erste Kolonne marschiert, die zweite Kolonne marschiert..." Балтық елдеріндегі оқиға қайталанып жатыр.

Соңғы отыз жылда кейбір лимитрофты елдерде ұлтшылдықты тым асқақтатып жібергені соншалық, жергілікті тұрғындар қарапайым нәрсені елемей отыр. Олар өзерінің ұлттық ерекшеліктерін айтып, қанша мақтанса да, америкалықтар оларды әрдайым "орыстар" ретінде ғана қабылдайды. Немесе "кеңестік" деп қарастырады, айырмашылығы жоқ.

Бір кездері Еуразияның жүрегі болған одаақтың елдері біртұтас болған шақта ешкімге жеңістік бермейтін. Ресей шекарасын бойлай орналасқан халықтарға "дербес ұлтшылдық" таңу үшін бүтіндей сарапшылар институты ондаған жылдар бойы жұмыс істеп жатыр.

Украинаны Ресейден қорғау бойынша батыстағы әріптестердің іс-әрекеті жаға ұстатарлықтай. Себебі бейбітшілікке апаратын жол – бұл келіссөз, келісімді әзірлеу және сақтау емес пе? Ал америкалықтар Украинаға әскери техника жөнелтіп, ағылшындар танкіге қарсы зымырандармен жабдықтап жатыр. Ал Канада арнайы мақсаттағы әскер жасағын осы іске жұмылдырды. Американың Орталық барлау қызметі украин сарбаздарын арнайы даярлықтан өткізіп жатыр. Тіпті немісер де атсалысып жатыр. Олар украин әскерилеріне медициналық көмек көрсетуде.

Егер шындықты бүкпесіз баяндасақ, онда АҚШ үстемдігімен батыс елдердің Украинаны оккупациялауы баяу, бірақ табанды түрде жүріп жатыр. Украинаның бұл мәселеде өз есебі болғаны анық. Олар 2014 жылы осындай бір есепті жүзеге асырды: украиндер америкалықтардың ықпалына көшіп, есесіне солардың қаржысына иек артуға, ал өздерін Ресейден қысым көріп жатқан ел ретінде танытуды көздеді. Соғыс басталғалы жатыр деп дабыл қағып, бірақ ол соғысқа өзіміз қатыспаймыз деп жоспарлады.

Мәскеу көрінісі
© Sputnik / Наталья Селиверстова

Бірақ Ресей көршісі америкалықтар оларға қарағанда есепке жүйрік екенін ескермеді. Себебі украиндер міне, соғыс табалдырығында тұр. Елге аштық пен кедейлік қаупі төнді. Ресейді елемеуге тырысқан Украина өзі құрған қақпанға өзі түсті.

Егер 2014 жылы Украина Майданға мән бермей, Ресеймен тату қарым-қатынасты ұстана берсе, онда сол кездегі қақтығыс кезінде көз жұмған кемінде он төрт мың адам қазір тірі жүрер еді. Ел экономикасы құлдырамас еді және газ бағасы Ресейдегідей, яғни қазіргі өлшем бойынша нөлге тең дәрежеде болар еді.

Бір қызығы, әлемде тек Ресей ғана Украинаны қаз-қалпында, ел ішінде ешқандай жаңашылдық енгізбей-ақ, өзіндік атмосферасымен қабылдады. Ал басқалары бұл елді кезінде Ресейден бөлініп шыққан және ескіліктің заманында қалып кеткен түсініксіз аумақ ретінде қарастырды.

Батыстық басқыншылар жергілікті халыққа қатысты аяушылық пен адамгершілік танытады дегенге сену қиын. Себебі Донбастағылар жас гвардияшыларды әлі ұмытқан жоқ. Бабий Яр әлі де Киевтің жадында. Сол себепті орыстар бүгінде болып жатқан қатыгездікке абыржып отыр.

Украина Қарулы күштері мектептерді оқ ату және соғыс жүргізу орындары ретінде қолдануға көшті. Уукраина артиллериясы Донбастағы жүзден астам бейбіт тұрғынның көзін жойды. Одессадағы Кәсіподақтар үйінде ондаған адам тірідей өртелді және соққыға жығылды. Шаңқай түсте сәбиімен бірге өлтірілген жас әйелдің суреті бүкіл әлемге тарады.

Адам айтса сенгісіз бұл жағдай бүгінде Украинаның ақиқатына айналды. Ал америкалықтар "Ресей Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатыр" деп әлемді дүрліктіруін қояр емес. Ал шындығында америкалықтар мен еуропалықтардың Украинаға басып кіруін әлдеқайда бұрын болып қойған еді.

Енді бүгінде украин халқы кедейлік пен аштықтың қарсаңында тұр. Енді бұл сұрапылдан украиндерді кім құтқарады?

0
Кілт сөздер:
АҚШ, Ресей, соғыс