Өңірлер

Алматылық студент қыз ұзақ жыл киюге мәжбүр болған бетпердеден арылды

CC0 / Elena Mullagaleeva / Бойжеткен
Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер студент қыздың бетіндегі үлкен ісікті алып тастап, мұрнын қалпына келтірді

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Алматының пластикалық хирургтері 17 жастағы Алмагүл Жолдасованың бетіндегі ісікті алып тастап, мұрнын қалпына келтірді. Студент қыз кішкентайынан кемістігін медициналық маскамен жауып жүрген екен.

Алмагүл Жолдасова мұрнына шыққан үлкен ісіктен ұялып, осыған дейін үнемі бетперде киіп келген, деп жазады КТК.

© Photo : КТК арнасының видеосыАлмагүл Жолдасова
Алмагүл Жолдасова - Sputnik Қазақстан
Алмагүл Жолдасова

Бойындағы осы бір міні үшін қатты қысылатын бойжеткеннің екі отадан кейін бар азабы артта қалды.

Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Рымбаева бетіне жасалған пластикалық ота туралы айтты

"Қазақстанда мұндай оталар мүлдем жасалмайды деуге болады. Тамаша нәтиже, науқас қатты разы болды", — дейді пластикалық хирург Мұхаммед Шбаир.

Дәрігерлер операцияға мұқият дайындалып, Оңтүстік Кореядағы әріптестерінен бірнеше рет кеңес алыпты.

Жаңа өмірге қадам басқан 17 жастағы Алмагүл Жолдасова болашақта өз ательесін ашып, анасына көмектескісі келеді.

Қазір Алмагүл емін-еркін сөйлесіп, езу тартып жымия алады. Дегенмен әлі біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болғаны жөн екен. Болашақта бәлкім тағы бір ота жасалуы мүмкін, бірақ ол алдындағыдай күрделі болмайтыны анық.

Жаңалықтар
0