Өңірлер

Алматыда автобус газ баллондары тиелген жүк көлігіне соғылды: бір адам көз жұмды

© Sputnik / Стрингер"Шаңырақ" шағын ауданында болған жол апаты
Шаңырақ шағын ауданында болған жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан жүк көлігі мен автобус жолаушылары зардап шекті, екеуі де ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Алматының "Шаңырақ" шағын ауданында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау – Орал трассасында жантүршігерлік жол апаты болды
Қалалық автобус бұрылу үшін бөгеліп қалған автокөлікті айналып өтпек болғанда, қарсы бетке шығып кетіп, "ГАЗельге" соғылған. Жүк көлігіне газ баллондары тиелген екен. 

Жол-көлік оқиғасы түнде Жанқожа батыр мен Сырым батыр көшелерінің қиылысында болды. 

Жүк көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы (бірі – "ГАЗельде", екіншісі автобуста отырған) жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 

Жол апатынан кейін газ шыққандықтан, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылды. Абырой болғанда, жарылыс болған жоқ. 

 

Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0