Өңірлер

Қазақстанда қыстың ортасында шөп көктеді

© Sputnik / Алексей Резниченко / Медиабанкке өтужасыл шөп, архив
жасыл шөп, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте соңғы үш күнде күн жылынып, қала тұрғындары мен қонақтарын көктемгі ауа райы қуантты

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Шымкентте өткен демалыс күндері ауа температурасы +13 градусқа дейін көтерілді. 

Шымкент тұрғындары бұл күні қыстың ортасында келген "көктемді" видеоға түсіріп, желіге жарыса жариялап жатты. Видеодан құрғақ көшелер мен жолдарды, тіпті кей жерде көк шөп шығып тұрғанын көруге болады. 

Дүйсенбі, 14 қаңтарда Шымкентте күн ала бұлтты, 12 градус жылы. Дегенмен, синоптиктердің болжамынша, айдың соңына қарай қалада күн суытады. 


Жаңалықтар
0