Ер адам, архивтегі сурет

Бақсы өлтіріп қойған жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын баяндады

2399
(Жаңартылды 17:14 17.01.2019)
Алматы облысында жынын шығарамын деп науқасты өлтіріп алған бақсы қамаудан босады

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында бақсының емінен кейін көз жұмған 28 жастағы Тұрар Оразалиевтің туыстары емшіге қарсы іс қозғалғанына қарсы шықты. 

Дәстүрлі медицинадан шипа болмағандықтан, ақыл-есінің ауытқуынан үш жылдай қиналған жігітті жақындары бақсыға өз еркімен әкеліпті. Алайда, науқас 4 күн бұрын белгісіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлады "Алматы" арнасы.

Полиция дерегінше, Шамалған ауылының тұрғыны ауыр дене жарақатынан көз жұмған. Алайда емші жігіттің денесіндегі жарақаттарды бұрын да байқағанын айтады.  

"Мұны Алланың бұйрығына, тағдырдың жазуына қалдырайық. Жақсылық емес, әрине. Мен қазір кінәлімін де. Екі жылдан төрт жылға дейін шартты жаза алуым мүмкін, болмаса одан да ауыр жаза алармын", – дейді емшінің өзі.

63 жасында жын кірген жанды емдеймін деп басы дауға қалған Әбдікәрім ақсақал құсбегілікпен айналысады екен, бірнеше күн қамалған соң, қолхатпен бостандыққа шығыпты.

"Тынышталмай, басын қабырғаға соқты, бірақ күдікке ілінгеніме өкінбеймін. Ауырған жанды жақындары байлап әкеліп, жарты сағат ем салған соң, алып кететін. Жетінші күнге қарағанда есін жинап, жақсарып қалған еді", — дейді құсбегі. 

Ал жігіттің туыстары Тұрарды үйде байлап ұстағандарын, ол өзінің саусағын да шапқанын, көліктің астына да жүгіргенін баяндады.

"Жатқан кезде аузыма бір нәрсе кіріп кетті деді. Содан қараңғы бөлмеге қарап, қаша беретін болды. Қатарға қосылмайтын болды. Біреулер жын деді, біреулер дуалаған деді. Бір түрлі болып кетті", – деді марқұмның ағасы Амантай.

Жігітті жақындары Талғардағы жүйке аурулары ауруханасына да жатқызған.   

Марқұмның туыстары медицинадан медет таппаған соң, бауырларын қырықтан астам емші мен молдаға апарып емдеткен.   

"Бүркітші кінәлі емес, тағдыры солай болды. Сондықтан алдағы уақытта соңғы рет апарып емдеткен бақсыны сотта барынша ақтап алуға тырысамыз, оған өкпе, ренішіміз жоқ", — десті олар.


2399
Кілт сөздер:
жын, емшілер, бақсы, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?
Бақсы ақырзаманның қашан болатынын болжады
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

65
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

65
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады
Иллюстративті фото

Еріктілер баспанаға мұқтаж отбасыны іздестіріп жатыр

3205
(Жаңартылды 20:49 28.10.2020)
Еріктілер қиын жағдайға тап болған және баспанаға зәру, жауапкершілікті сезінетін отбасыны іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысында тұратын Нагизовтар отбасы өз үйін еріктілерге бергелі жатыр. Бұл туралы Павлодар қаласының мейірімділер клубы хабарлады.

Үй Павлодар облысының Тереңкөл ауданындағы Песчаное ауылында орналасқан.

Енді еріктілер үйді беру үшін қиын жағдайға тап болған және осы тұрғын үйде тегін тұруға дайын жауапты отбасыны іздеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Клуб Добряков Павлодар» (@club_dobryakov_pavlodar)

Үйдің ішінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар: ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, бақшасы мен мал ұстауға арналған қора мен жаңа монша. Ерлі-зайыпты сыртқы киімдерін де қалдыруға дайын, қажетті саймандар да үйде қалады.

Қыста жағуға арналған отын мен бір тонна көмір де бар.

Мейірімділер клубының хабарлауынша, енді ауылда өмір сүруге дайын отбасы қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр 

Ауылда екі қолға бір күрек табылады. Үй Ертістен 100 метр қашықтықта орналасқан. Жанында дүкен, балабақша, мектеп, пошта, жөндеу зауыты, аурухана, әкімдік бар.

"Егер отбасыңыз үйге мұқтаж болса немесе сіз сондай адамдар туралы білсеңіз, онда @club_dobrykov_pavlodar парақшасына дайректке ақпарат жіберіңіз. Таңдау жасау өте қиын болатынын түсінеміз. Басқа біреудің қиындығын объективті бағалау мүмкін емес, алайда тырысамыз. Бұл бүкіл отбасының өмірін түбегейлі жақсы жаққа өзгертуі мүмкін, себебі олар баспаналы болады", - деп жазды еріктілер.

Сонымен қатар олар үйін берген Михаил және Елена Нагизовтарға алғыс білдірді.

3205
Кілт сөздер:
Павлодар, баспана
Тақырып бойынша
Қанат Ислам көпбалалы ананың арманын орындады
Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды
Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

0
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

0
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады