Қаңғыбас

Бір күнде "бомжға" айналған Орал тұрғыны түрмеге түскісі келетінін айтты

1698
(Жаңартылды 09:32 22.01.2019)
Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Саят Ғазизов көшеде түнеп, жуынды жәшігінен тамақтанады

АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Оралда үйсіз-күйсіз жүргендердің арасында инженерлер, музыканттар, тіпті экс-бизнесмендер бар. Мысалы, 45 жастағы Саят Ғазизов бұрын инженер болып жұмыс істеген.

Орал тұрғынының екі жоғары білімі бар, алайда ол бір күнде бәрінен – отбасынан, жұмысынан және баспанасынан айырылды. Осылайша далада қалған: бүгінде көшеде түнеп, жуынды жәшігінен тамақтанады, деп хабарлады "Астана" арнасы.  

"Тепсе темір үзетін жастамын, бірақ жұмыс жоқ. Осыдан кейін қандай да бір қылмыс жасап қоясың, бір жерде арам қатуың да мүмкін. Қажет болса біреуді ұрып-соғып, ақшасын тартып аламын. Өлемін бе, қайтемін? Иә, тонаймын, ақшасын аламын. Қылмысқа барамын. Мұнда жүргенше түрмеде отырған жақсы. Түрмеде ең болмаса асыңды береді, мұнда мені кім тамақтандырады?", — дейді Саят Ғазизов.

Полицейлердің мәліметінше, Оралда 400-ден астам қаңғыбас бар. Олардың 70% отбасылық жанжал, жұмысынан, құжаттарынан немесе баспанасынан айырылу салдарынан осылай өмір сүреді. 80%-і ер адамдар. 70%-і еңбекке қабілетті жаста. Әрқайсының өз тағдыры бар. Бір айта кетерлігі, көшеде қалған адамдардың саны жыл сайын өсіп келеді.  


1698
Кілт сөздер:
бомж, қаңғыбас, түрме, Орал
Тақырып бойынша
Астанада 40-қа жуық отбасы үйсіз қалуы мүмкін
Өскемен әкімі үйсіз-күйсіздерді қаладан шығарды
Алматыда үйсіз-күйсіз қалған ғалымға қала орталығынан баспана берілді
ЭКСПО кезінде Астанадан қанша үйсіз-күйсіз адам шығарылғаны белгілі болды
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

62
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

62
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады
Иллюстративті фото

Еріктілер баспанаға мұқтаж отбасыны іздестіріп жатыр

3072
(Жаңартылды 20:49 28.10.2020)
Еріктілер қиын жағдайға тап болған және баспанаға зәру, жауапкершілікті сезінетін отбасыны іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысында тұратын Нагизовтар отбасы өз үйін еріктілерге бергелі жатыр. Бұл туралы Павлодар қаласының мейірімділер клубы хабарлады.

Үй Павлодар облысының Тереңкөл ауданындағы Песчаное ауылында орналасқан.

Енді еріктілер үйді беру үшін қиын жағдайға тап болған және осы тұрғын үйде тегін тұруға дайын жауапты отбасыны іздеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Клуб Добряков Павлодар» (@club_dobryakov_pavlodar)

Үйдің ішінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар: ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, бақшасы мен мал ұстауға арналған қора мен жаңа монша. Ерлі-зайыпты сыртқы киімдерін де қалдыруға дайын, қажетті саймандар да үйде қалады.

Қыста жағуға арналған отын мен бір тонна көмір де бар.

Мейірімділер клубының хабарлауынша, енді ауылда өмір сүруге дайын отбасы қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр 

Ауылда екі қолға бір күрек табылады. Үй Ертістен 100 метр қашықтықта орналасқан. Жанында дүкен, балабақша, мектеп, пошта, жөндеу зауыты, аурухана, әкімдік бар.

"Егер отбасыңыз үйге мұқтаж болса немесе сіз сондай адамдар туралы білсеңіз, онда @club_dobrykov_pavlodar парақшасына дайректке ақпарат жіберіңіз. Таңдау жасау өте қиын болатынын түсінеміз. Басқа біреудің қиындығын объективті бағалау мүмкін емес, алайда тырысамыз. Бұл бүкіл отбасының өмірін түбегейлі жақсы жаққа өзгертуі мүмкін, себебі олар баспаналы болады", - деп жазды еріктілер.

Сонымен қатар олар үйін берген Михаил және Елена Нагизовтарға алғыс білдірді.

3072
Кілт сөздер:
Павлодар, баспана
Тақырып бойынша
Қанат Ислам көпбалалы ананың арманын орындады
Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды
Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

0
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

0
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады