Бақсы

ОҚО тұрғыны: әйелдің ішіндегі 1945 жастағы жынмен сөйлестім

2814
(Жаңартылды 15:23 23.01.2019)
Ауыр дертінен айыққан Берік Ерболатұлы түсінде пайғамбардан аян алғалы адам емдеп жүргенін айтты

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Берік Ерболатұлы түсінде Мұхаммед пайғамбар аян беріп, бақсылық жолға түскенін айтады. Медицина емін таба алмаған ауыр дертінен айыққан ол 2012 жылдан бері адам емдеп келеді. 

Түсінде пайғамбар аян беріп, емшілік жолмен жүру керек деп ескерткелі бері Берік Ерболатұлы күнде түске дейін кісі қарап келеді. Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тұрғыны ем үшін бірде-бір дәрілік шөп немесе медициналық препараттарды қолданбайтынымен ерекшеленеді. Дертіне дауа іздеп келген адамдарды аспаптардың көмегімен емдейді. Емшілік еткен төрт жылдың ішінде талай адамды ауруынан құлан-таза айықтырғанын айтады.

"Бұрын бес жыл бойы қатты ауырдым, денсаулығым болмады. Өзбекстанға барып жүрегіме ота да жасаттым. Аяқ-қолым істемей біраз жаттым. Дәрігерлер ешқандай диагноз қоя алмады. Түсімде пайғамбарды көрдім. Ол кісі қанаты бар ақ атпен келіп, ақ батасын берді. Сол күннен бастап неше түрлі аян көре бастадым. Осы жолға түсуің керек деп аян келе бастағаннан кейін Құран оқып, денсаулығым жақсара бастады", — деді Жылға ауылының тұрғыны  "Пендеміз ғой" бағдарламасында айтылды. 

Берік Ерболатұлы медицина колледжінде білім алып, кейін ауылдағы ауруханаға жұмысқа тұрады. Араға біраз уақыт салып жұмысынан шығып, үйде адам емдейді. Бастапқыда бір-екі адам келген. Кейін емшілік қасиеті туралы көптеген адам естіп, келушілердің қатары көбейеді.

Тағы оқыңыз: 

Емшінің нағашы жағынан арғы аталарында елге танылған бақсылар болған. Ал өз аталары қамшы мен қасиетті Құранды қолға ұстаған құрметті кісілер дейді. Келушілердің ішінде ауылдастарынан бөлек, алыс-жақын шетелдің азаматтары да бар. Ал жете алмағандарын суретіне қарап, қашықтықтан емдейтін қасиетке ие екен.

"Осы уақытқа дейін жасы ең үлкен 1945 жастағы жынмен сөйлестім. Ол бір күйеуі бар келіншектің ішіне кіріп кеткен екен. Әлгі келіншек тоқтамай ауырып, өзінің ата-енесіне пышақ алып жүгіреді. Бірде басылып, жын шығады, сосын қайтадан кіріп кетеді. Көптеген имам-молдаға барған екен. Кейде жынды шығара алмайтын кездер болған. Бірақ бұл жынды мен шығардым", — дейді ол.

Айтуынша, келіншек босана салысымен қырық күндей өзін жылы ұстамай, түнде әжетханаға жалаңаш шығып кеткен. Жын осы кезде кіріпті-мыс. Сондай-ақ, ол жынның қанның иісін ұнатып, әйелдің денесінде қалуды жөн көргенін айтып өтті. Емші жыннан арылу үшін қобызды пайдаландым деп отыр.

Берік Ерболатұлы туралы естіген қариялардың бірі емшінің сөзіне сенетінін айтса, екіншілері мұны өтірікке балады.

2814
Кілт сөздер:
жындар, емшілер, түс көру, пайғамбар, бақсы, медицина, Берік Ерболатұлы, Сарыағаш
Тақырып бойынша
Бақсы өлтіріп қойған жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын баяндады
Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?
Бақсы ақырзаманның қашан болатынын болжады
Алматыда "емші" алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Қазақстандық мамандар түсті қалай жору керек екенін айтты
Психоаналитик қандай адамдардың түс көрмейтінін айтты
Елбасы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды
Архивтегі фото

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

25
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

"Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Тергеу ісіне де көңілім толады", - дейді жәбірленуші Самира Дусталиева.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен  

"Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын", - дейді сотталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова.

25
Кілт сөздер:
Орал, педофил
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
11 жасар қыз педофилден қашып құтылды – видео
"Көршілер педофилді ұстады": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
7 жасында зорланған қыздың анасы Тоқаевқа хат жазды
Әуежай.  Ashyq

Алматыда коронавирусты қасақана жұқтырмақ болғандар қашып құтыла алмады

1530
Коронавирус жұқтырған науқастар ХҚКО мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған. Олар "қызыл" мәртебе анықтала салысымен қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматыда коронавирусты өзге азаматтарға қасақана жұқтырмақ болған науқастардың аты-жөні жария болды. Амбулаториялық ем алып жатқан сырқаттар өзін-өзі оқшаулау құжатына қол қойған.

Соған қарамастан жұқпалы дертке шалдыққандар қалада емін-еркін серуендеп, мейрамханаларға да кірмек болыпты. Санитарлар сондай 80 адамның тізімін сайттарында жайып салды. Тізімде аты-жөні толық жазылған, деп хабарлады КТК.

Төңірегіне қауіп төндіргендердің тізімінде банкирлер, ұялы байланыс компаниялары мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері бар. Мәліметтерге қарағанда індет жұқтырғандар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған.

"Алдыңызда екі таңдау тұр": Елорда әкімі астаналықтарға үндеу жасады

Аурудың таралып кетпеуіне "Ашық" көмектескен. СЭС мамандары үйінде оқшауланып ем қабылдап жатқан басқа сырқаттарға осы сабақ болады деп сенеді. Себебі тізімдегілерге өзгелерге қауіп төндіретіндігі туралы ескертілген. Сол үшін арнайы құжатқа қол да қойыпты. Сырқаттардың әрқайсысына 87 510 теңге айыппұл салынды.

Мамандар тізім әлі толық емес дейді. Өйткені бір айдың ішінде талапты 400-дей науқас бұзған "Қызыл" мәртебе екені анықтала салысымен қоғамдық орыннан қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалады. Сондықтан жазадан ешкім құтылып кетпейді.

"Ашық" "қызыл" белгі көрсеткен бойда науқастар қарасын батырған. Ол туралы мәлімет базада сақталып қалды. Сол арқылы тауып, айыппұл салдық. Қазір 80 адам кінәсін мойындады. Қалған жағдайлар бойынша әкімшілік іс жүріп жатыр", - дейді Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті директорының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

1530
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Елдос Сметов түрік Мирхадж Аккушты жеңді

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

0
(Жаңартылды 11:02 24.07.2021)
Қазақстандық дзюдошы түрік палуаны Мирхадж Аккуш пен Корея спортшысы Ким Вон Джинді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Татамиге бірінші болып шыққан Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Янань Лиден иппонмен ұтылды. Ал Елдос Сметов түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді.

Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңіп, жартылай финалға шықты. Оның келесі қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына алты қазақстандық дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. Әсіресе команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы мықты. Оған Жапония мен Грузияның мықты балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

2016 жылы Рио Олимпиадасында Елдос Сметов күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Отгонцэцэг Галбадрах "қола" ұтып алған.

0
Кілт сөздер:
дзюдо, Елдос Сметов
Тақырып:
Токио Олимпиадасы