Өңірлер

27 жастағы батыр ана Назарбаевпен кездескеннен кейін баспаналы болды

© PhotoЕліміздегі ең жас көп балалы ана Жазира Тұрғынова баспаналы болды
Еліміздегі ең жас көп балалы ана Жазира Тұрғынова баспаналы болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістандық келіншек 3 қыз және 4 ұлды дүниеге әкелді

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі ең жас көп балалы ана Жазира Тұрғыноваға 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ана мен қызы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жеті баласы бар 27 жастағы келіншек Назарбаевқа аналық арманын айтты
23 қаңтарда Астанада Жастар жылының ашылу салтанатында түркістандық келіншек Елбасының алдында сөз сөйлеп, ел жастарын көп балалы болудан қорықпауға шақырған еді. 

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көп балалы отбасын қабылдады. 

"Көп балалы ана болу – үлкен мәртебе әрі құрмет. Бұл – адами ресурс және мемлекетіміздің басты байлығы. Біз көп балалы отбасыларды жұртшылыққа үлгі етіп, оларға қолдау көрсете беруіміз қажет. Мен мұндай отбасылардың жағдайын жақсы түсінемін", — деді облыс басшысы. 

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиМолодая многодетная мать Жазира Тургынова получила ключи от 4-комнатной квартиры
Жас көп балалы ана Жазира Тұрғынова 4 бөлмелі пәтердің кілтін алды - Sputnik Қазақстан
1/2
Молодая многодетная мать Жазира Тургынова получила ключи от 4-комнатной квартиры

2/2

Әкімнің айтуынша, бүгінде табиғи өсім бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Қазіргі таңда облыста 134 мыңнан астам көп балалы ана бар екен. Оның 51 мыңнан  астамы – "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері. 

Түймебаев жас отбасыға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі баспананың кілті мен балаларға қыстық жылы киімдер табыс етті.

Пәтердің кілті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр
Сонымен бірге, ол Жазираның қосымша мамандық алу үшін оқуына және жұмысқа орналасуына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Отағасы Олжас Әбілдәбековті де жұмысқа орналастыру мәселесі қаралатын болды. 

Жазира Тұрғынова – Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны. 27  жастағы келіншек 3 қыз, 4 ұлды дүниеге әкелді. Балаларының үлкені 11 жаста, ал кішісі бір жасқа енді толады.  

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2018 жылдың 1 желтоқсанында Түркістан облысы халқының саны 1 977 768 адамды құраған. Облыс республика бойынша туу мен табиғи өсім көрсеткіштері жағынан бірінші орында.

Жаңалықтар
0