Даяшы қыз

Даудың басы даяшы қыз: Өскеменде қонақтар мейрамхана қызметшілерімен төбелесті

1321
(Жаңартылды 14:27 28.01.2019)
Ішімдікке мас болған қонақтар даяшы қыздың нөмірін алмақ болған

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik.  Өскемен мейрамханаларының бірінде даяшылар мен қонақтар арасында жанжал шығып, пышақтасуға дейін барды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 

Екі азамат туысының тойында көңіл көтеріп жүреді. Кейін олар ішімдікке мас болып даяшы қыздардың бірімен таныспақ болады. Алайда даяшы бойжеткен бұл жігіттерге назар аудармай кетіп қалады.

Ер адамдардың бірі тым болмаса бойжеткеннің нөмірін алып қалуды жөн көріп, тағы бір даяшыдан көмек сұрайды. Алайда даяшы жігіт жұмыстасының нөмірін беруден бас тартады. Осы кезде қонақ даяшыны ауыр сөздер айтып балағаттайды. Тағы бір қонақ оны соққыға жығады.

Осы төбелеске тағы екі даяшы араласып, оларды ажыратпақ болады. Алайда қонақтардың бірі бұл жігіттерге де бой бермей, екі даяшыны пышақпен жарақаттайды. Сондай-ақ, осы жағдайдан кейін оқиға болған жерден қашып кетеді. Тәртіп сақшылары оны екі сағаттан кейін қолға түсірді. Пышақ тиген мейрамхана қызметкерлері аман.

Тағы оқыңыз:

Сот шешімі бойынша, мейрамхана қонағы кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығы шектелді. Мұнымен қатар, 300 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалып, зардап шеккен екі даяшының әрқайсысына 150 мың теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

1321
Кілт сөздер:
сот, пышақ, төбелес, даяшы, мейрамхана, Өскемен
Тақырып бойынша
Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады
Ақтөбе тұрғыны ұлын әйелінің көңілдесі екен деп ойлап, пышақтап тастады
Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Балабақшадағы қанды қырғын: әйел 14 бүлдіршінді пышақтап тастады
Әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілі қыздар қамаудан босатылды
ОҚО-да 15 жастағы жасөспірім екі баланы пышақтап тастады
Архивтегі фото

Шымкентте ене мен келін ковидтен бір күнде қайтыс болды құрсақтағы бала аман қалды

555
Егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған. Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталған

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Шымкентте бір үйде тұратын екі әйел коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазыловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен, дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.

"Енесі тойда коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Артынша аяғы ауыр келіні ауруханаға жатқызылды. Екеуі де вакцина салдырмаған. 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық", - дейді Бақытжан Пазылов.

Айта кетейік, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирустан көз жұмды. Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтады.

555
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

3118
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

3118
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0