нәресте

Шымкентте балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

2519
(Жаңартылды 18:38 29.01.2019)
2018 жылы Шымкент халқының саны бір миллион адамға жетіп, Қазақстандағы республикалық маңызы бар үшінші қала мәртебесіне ие болды

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Шымкентте 2018 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер анықталды. 

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша өткен жылы өмірге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер – Айсұлтан мен Медина.

Жалпы, 2018 жылы АХАТ бөлімінде 32 464 бала тіркелген. Оның 60%-ы ер балалар болса, 40%-ы қыздар. Ұлдарға Айсұлтан, Нұрсұлтан, Дінмұхаммед, Әлихан, ал қыздарға Медина, Раяна, Кәусар, Айзере, Айсұлу  есімдері жиі қойылған екен.

Еске салсақ, 2018 жылы Шымкент халқының саны бір миллион адамға жетіп, Қазақстан президентінің жарлығымен Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар ресми үшінші қала атанды. 

Тағы оқыңыз:

Ал 17 мамырда дүниеге келген Еламанова Айсұлу есімді бүлдіршін мегаполистің миллионыншы тұрғыны болып тіркелген еді. 

 

 

2519
Кілт сөздер:
есімдер, нәресте, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Астанада балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды
Қазақстандағы ең танымал және ерекше есімдер - инфографика
Әлихан мен Айзере Қазақстандағы ең танымал есімдер қатарына енді
Алматылықтар, архивтегі сурет

Алматы коронавирустың "қызыл" аймағында: жағдайға қатысты түсініктеме

0
Бірінші ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинацияға байланысты ресейлік Спутник V вакцинасы жеткізіледі

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы COVID-19 статистикасы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатуда. Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Қаланың бас дәрігері онлайн-брифинг барысында Алматыдағы инфекциялық стационарлардың 61%-і бос тұрғанын хабарлады. Сонымен қатар 5 145 төсек-орын резервте тұр.

"Қазір тәулігіне орташа есеппен 50-90 науқас емдеуге жатқызылып жатыр. Ал жансақтау бөлімінің 50%-інде науқастар жатыр, жалпы 120 реанимациялық төсек-орын бар", - деді ол.

Нариман Табынбаевтың айтуынша, бірінші ақпаннан бастап жүргізілетін вакцинацияға байланысты ресейлік Спутник V вакцинасы жеткізіледі.

"Қаңтардың соңында Алматыға вакцинаның 1 450 дозасы келіп түседі. Ақпанда алты мың доза және шілдеге дейін 150 мың доза алу жоспарланып отыр", - деді Табынбаев.

Ең алдымен коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жұмыс істейтін мамандарға вакцина салынады. Олар: жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, инфекциялық аурухана мамандары, көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімі қызметкерлері. Вакцина ерікті түрде салынады.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды – маман кеңесі
"Шешім қабылдаған жоқпын": министрлер мен депутаттар қандай вакцина салдыратынын айтты
Қытайда пандемияға қатысты жасырын ақпарат белгілі болды
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады – Бекшин
Отандық вакцинаның құрамында не бар
жүк тиегіш, фото

Маңғыстауда жүк тиегіш техника айдаған екі баланы полиция тоқтатты - видео

1392
Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 145 мың теңге көлемінде айыппұл салынған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүк тиегіш техника мінген екі баланың видеосы тарады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оларды тас жолдың бойында ұстаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеодан полиция қызметкерінің тас жолдың бойында ауыр жүк тиегішті тоқтатқанын көруге болады. Кабинадан екі бала шықты. Олар техниканы үйге апара жатқанын айтады. Сөйтсе, жас жүргізушінің жасы – 8-де, ал екіншісі – 9 жаста. Екеуі ағасына телефон шалып, жол полициясына ұсталып қалғанын жеткізеді. Полицей "Үйге жаяу барасыңдар" деп техниканың есігін жауып тастайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның былтыр қазан айында болғанын хабарлады. Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама рәсімделді. Осы бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бабы (кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, 127-бап бойынша 15-20 айлық есептік көрсеткіш (43 755-58 340 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көрсетілген. Ал 128-бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге)айыппұл қарастырылған.

1392
Кілт сөздер:
видео, Маңғыстау облысы