Өңірлер

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты сабақ болмайды

© Sputnik / Мария Никитич / Медиабанкке өтуЖасөспірім аязда
Жасөспірім аязда  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізге қатты аяз келді. Кей өңірде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайтын болды

АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Павлодарда, Қостанайда және Шығыс Қазақстанның бірнеше қаласы мен ауданында сейсенбі 5 ақпан күні мектепте сабақ болмайды.

Павлодарда бүгін 1-ші ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары сабақ оқымайды. Мұнда ауа температурасы 33 градус аяз, желдің екпіні 4 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты сабақ болмайды:

  • Семейде – бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларына;
  • Риддерде – бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларына;
  • Шемонаиха ауданында – бірінші ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларына;
  • Бесқарағай ауданында – бірінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушыларына.

Өскеменде оқушылар сабақ оқи береді.

Қостанайда бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Жаңалықтар
0