Өңірлер

Көкшетауда қыздарды алып қашып, секс-құлдыққа салған екі адам сотталды

© AFP 2024 / THOMAS WIRTHҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атап өтсек, істің басты фигурантымен жас қыз сыбайлас болған

КӨКШЕТАУ, 12 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке салу үшін алып қашқан екі жас адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сотқа сілтеме жасап.

Зорлық-зомбылық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық қыз БАӘ-де секс-құлдықта болған – 18 жастағы бойжеткеннің аянышты тағдыры

Тергеу мәліметінше, Көкшетау қаласының 30 жастағы тұрғыны 20 жастағы таныс қызбен сыбайласып, қыздарды алып қашып, клиенттерге жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бас тартқан жәбірленушілерді бопсалап, зорлық-зомбылық көрсетіпті.

Полиция қос қылмыскерді ұстап, оларға қатысты бірнеше іс қозғады. Сот жабық түрде өткен.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты бопсалап, зорлық-зомбылық жасап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, адамдарды ұрлағаны үшін ер адамды айыпты деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ал сыбайласы 3 жыл жазасын колонияда өтейді.

Жаңалықтар
0