Архивтегі фото

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысының төрт тұрғынын ұстады

1273
Олардың үйінен деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер табылды

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Түркістан облысының төрт тұрғыны терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен ұсталды.

Күдіктілер 2019 жылдың 14 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде қолға түскен.

Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"Олардың тұрғылықты жерінен деструктивті бағыттағы  қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды. Тергеу жалғасуда", - деп жазылған хабарламада.

 

1273
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, деструктивті діни ағымдар
Тақырып бойынша
Сирияда бірнеше қазақстандықты өлім жазасына кесті – ҰҚК
Астанада қонақ үйден ҰҚК қызметкерінің денесі табылды
ҰҚК мен Бас прокуратураға интернетті бұғаттауға рұқсат етілді
Қазақстанға арналған инсулин Өзбекстанда сатылып жатыр: Министрлік ҰҚК-ге жүгінді
Әуежай.  Ashyq

Алматыда коронавирусты қасақана жұқтырмақ болғандар қашып құтыла алмады

1152
Коронавирус жұқтырған науқастар ХҚКО мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған. Олар "қызыл" мәртебе анықтала салысымен қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматыда коронавирусты өзге азаматтарға қасақана жұқтырмақ болған науқастардың аты-жөні жария болды. Амбулаториялық ем алып жатқан сырқаттар өзін-өзі оқшаулау құжатына қол қойған.

Соған қарамастан жұқпалы дертке шалдыққандар қалада емін-еркін серуендеп, мейрамханаларға да кірмек болыпты. Санитарлар сондай 80 адамның тізімін сайттарында жайып салды. Тізімде аты-жөні толық жазылған, деп хабарлады КТК.

Төңірегіне қауіп төндіргендердің тізімінде банкирлер, ұялы байланыс компаниялары мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері бар. Мәліметтерге қарағанда індет жұқтырғандар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған.

"Алдыңызда екі таңдау тұр": Елорда әкімі астаналықтарға үндеу жасады

Аурудың таралып кетпеуіне "Ашық" көмектескен. СЭС мамандары үйінде оқшауланып ем қабылдап жатқан басқа сырқаттарға осы сабақ болады деп сенеді. Себебі тізімдегілерге өзгелерге қауіп төндіретіндігі туралы ескертілген. Сол үшін арнайы құжатқа қол да қойыпты. Сырқаттардың әрқайсысына 87 510 теңге айыппұл салынды.

Мамандар тізім әлі толық емес дейді. Өйткені бір айдың ішінде талапты 400-дей науқас бұзған "Қызыл" мәртебе екені анықтала салысымен қоғамдық орыннан қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалады. Сондықтан жазадан ешкім құтылып кетпейді.

"Ашық" "қызыл" белгі көрсеткен бойда науқастар қарасын батырған. Ол туралы мәлімет базада сақталып қалды. Сол арқылы тауып, айыппұл салдық. Қазір 80 адам кінәсін мойындады. Қалған жағдайлар бойынша әкімшілік іс жүріп жатыр", - дейді Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті директорының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

1152
Кілт сөздер:
Алматы, коронавирус
Сот отырысы, архивтегі фото

Петропавлда туыстарын өлтірген алматылыққа сот үкімі шықты

819
(Жаңартылды 14:34 23.07.2021)
Сот айыпталушы Ғабдуллин Бекболатты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Петропавлда 3 туысын пышақтап кеткен Алматы қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Almaty.tv.

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы Ғабдуллин Бекболатты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, сотталған азамат қайтыс болғандардың туыстарына 14 миллион 800 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге тиіс.

Еске сала кетейік, 10 наурызда сағат 15.00 шамасында Алматы қаласының тұрғыны 3 туысын пышақтаған. Қаскөйдің қолынан 49 жастағы әйел мен оның 89 жастағы анасы қайтыс болды. Ал оның 10 жастағы қызы мен келіні үйден қашып үлгерген.

"Габдуллин Бекболатқа Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі бойынша 15 жылға соттау және 99-баптың 2-бөлігі 1,2,8-тармақтары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы негізінде Габдуллинге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Сергей Викторенко.

 

819
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

73
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

73
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы