Өңірлер

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды

© Photo : официальный сайт Комитета по ЧС Құтқару көлігі
Құтқару көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар қарға батып қалған көліктерді шығару үшін жолды күреп, қардан тазалауға мәжбүр болды

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Қостанай облысындағы Арқалық – Жезқазған жолында екі көлік батып қалды, онда барлығы 14 адам болған.

Автомобиль - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда 15 ресейлік оқушы отырған автобус жолда қалып қойды

Toyota Corolla мен "Газель" жолдың 60-шы километрінде, Жалғызтал ауылынан 15 шақырымдай жерде қар құрсауында қалыпты, деп жазады alau.kz өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Арқалық құтқарушыларының екі тобы мен жолды күрейтін арнайы техника қаладан аттанып, қар басып қалған жолды күреп, көліктерді сүйреп шығарды.

Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды

Құтқарушылар көлік жүргізушілерін қардан тазартылған жолға шығарып, Арқалыққа дейін бірге барды.

Қар құрсауында қалған көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына медициналық көмек қажет болмады.

Павлодар облысында жолда қалған өзбектер құтқарылды

Жаңалықтар
0