Өңірлер

"Жауап бермейді" Нұржан Төлендиев қарызын неге төлемей жүр?

© Photo : Instagram-нан алынды"Алдараспан" әзіл-сықақ театрының директоры Нұржан Төлендиев
Алдараспан әзіл-сықақ театрының директоры Нұржан Төлендиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тука" мемлекетке салық төлемеген, қарызды өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. "Алдараспан"әзіл-сықақ театрының директоры, белгілі актер Нұржан Төлендиев жер және мүлік салығын төлемей, мемлекетке қарыз болып қалған. Бұл туралы "Отырар" телеарнасы хабарлады.

Танымал актер Нұржан Төлендиев бір жылға есептелінген 147 мың теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлік және жер салығын төлеуді ұмытып кеткен.

Калькулятор - Sputnik Қазақстан
Экономика
Берешегі бар қазақстандықтар үшін салық амнистиясы жүргізіледі
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Мейрамбек Бексұлтановтың айтуынша, қазіргі таңда берешектерден қарызды өндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Тараз" шағын ауданының тұрғыны Нұржан Төлендиевтің 2017 жылға төленбеген 146 866 теңге қарызы бар. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, салықты төлеу үшін хабарлама қағазын беріп отырмыз. Алдын ала хабарлама электронды түрде жіберілген. Жауап бермейді. Ол осы күнге дейін төлемеген. Алдында 5 күн, одан соң бір ай уақыт беріледі. Бұл процестің бәрі өтіп кеткен", — дейді маман.

Тағы оқыңыз: Нұржан қалай "Тука" атанды?  

Ал Нұржан Төлендиев салықты төлеп қойғанын, бұл түсінбеушілік екенін атап өтті.

"2017 жылға салықты төлегенбіз. Досым екеуміз ЦОН-ға барып төледік. Үйдің техпаспортын алатын кезде 2018-ге дейін төлегенмін. Олармен бетпе-бет жолығайық. Іс сапардамын. Барған соң бәрін реттеймін", — дейді актер.

Алайда мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары салық төлеушілердің қарызы туралы мәліметтер базасында Нұржан Төлендиевтің қарыз екендігі тайға таңба басқандай анық көрініп тұрғанын айтады.

Жаңалықтар
0