ШЫМКЕНТ, 20-ақпан - Sputnik. Шымкентте Еңбекші аудандық соты намазды дұрыс оқымағаны үшін өгей баласын ұрып өлтірген тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп xабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
23 жастағы тұрғын қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша айыпты деп танылды.
"Сот оның бұрын сотты болмағанын, тағылған айыпты толық мойындайтынын, істеген ісіне шын өкінетінін ескеріп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді қалалық соттың баспасөз xатшысы Қабыл Дүйсенбі.Шымкент тұрғыны былтыр желтоқсан айының басында Қарабастау ауылындағы үйінде 5 жасар өгей ұлын "Құптан" намазын дұрыс оқымағаны үшін аяусыз ұрған. Денсаулығына ауыр зиян келгеніне қарамастан тек бір күннен кейін баланы ауруxанаға жеткізеді. Алған дене жарақатынан ол қалалық балалар ауруxанасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүк тиегіш техника мінген екі баланың видеосы тарады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оларды тас жолдың бойында ұстаған. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видеодан полиция қызметкерінің тас жолдың бойында ауыр жүк тиегішті тоқтатқанын көруге болады. Кабинадан екі бала шықты. Олар техниканы үйге апара жатқанын айтады. Сөйтсе, жас жүргізушінің жасы – 8-де, ал екіншісі – 9 жаста. Екеуі ағасына телефон шалып, жол полициясына ұсталып қалғанын жеткізеді. Полицей "Үйге жаяу барасыңдар" деп техниканың есігін жауып тастайды.
View this post on Instagram
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның былтыр қазан айында болғанын хабарлады. Рөлде болған баланың ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі бойынша хаттама рәсімделді. Осы бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 128-бабы (кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Айта кетейік, 127-бап бойынша 15-20 айлық есептік көрсеткіш (43 755-58 340 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы көрсетілген. Ал 128-бап бойынша 50 АЕК (145 мың теңге)айыппұл қарастырылған.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында "КМК Мұнай" компаниясының 200-ге жуық жұмысшысы екі күннен бері жұмысқа шықпады. Олар жалақыны 100 процентке көтеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстың еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Аслан Бахатовтың айтуынша, қазіргі кезде "КМК Мұнай" АҚ-сы мен компанияның директорлар кеңесі осы мәселені пысықтап жатыр. Кеше басшылық мұнайшылардың жалақысын 20 процентке көтеруге келіскен.
"Бірақ мұнайшылар оған келіспей отыр. 100 процентке көтерсін дейді. Қазір олардың орташа жалақысы 200 мың теңгенің төңірегінде. Енді, 100 процентке көтерсін деп жатыр ғой. Сонда 400 мың теңгенің көлеміндегі жалақыны талап етіп отыр. Біз осы мәселені жіті бақылауда ұстап отырмыз", - деді Бахатов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.
Оның сөзіне қарағанда, мұнайшылардың барлығы - вахтамен келіп жүрген жұмысшылар. Олар екі бригадамен ауысып жұмыс істейді.
Айта кетейік, бүгін мұнайшылар аштық жариялады деген ақпарат шыға бастады. Олар облыс басшысының келгенін қалайды. Ал Ақтөбе облыстық әкімідігі түстен кейін ресми ақпарат береміз дейді.
"КМК Мұнай" АҚ ресми сайтында компанияның екі ірі акционері көрсетілген. Олар - "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және Yukon Energy Holding S.A. Компания президенті - Wang Jinbao (Ван Цзиньбао). Ал директорлар кеңесінің төрағасы - Вэй Юйсян (Wei Yuxiang).
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде шахтада қаза тапқандардың әріптестері трагедия қалай болғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.
Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.
"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.
"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.
Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.