Өңірлер

Жамбыл облысында кәсіпкер бірден үш отбасыға пәтер сыйлады

© Photo : ming daiЧеловек открывает дверь
Человек открывает дверь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Меценат қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, көптеген тұрғынды жұмыспен қамтыған

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысында Қордай ауданының құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев "Туған елге тағзым" акциясы аясында тұрмысы төмен үш отбасыға пәтер алып берді. 

Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астанада кәсіпкер көпбалалы отбасыға 24 миллион теңгенің пәтерін сыйға тартты
Салыбаев қордайлық танымал меценат. 2017 жылы ол бес отбасының баспаналы болуына көмектескен, бұл жолы тағы үш мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлады жергілікті taraztv.kz телеарнасы. 

Гүлмира Добай даяшы болып жұмыс істейді, екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Келіншек өз үйім болса деп армандайтын. Ол арманы Алғыс айту күнінде орындалды.

Жалғызбасты ана Раяна Бектұрова мен Әуелбек Балбек те баспаналы болды.

Телеарнаның мәліметінше, кәсіпкер қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, ауданның көптеген тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. 

 

Жаңалықтар
0