Өңірлер

Алматы әуежайы Түрікменстаннан жеткізілген жүктердің астында қалды - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әуежайындағы аласапыранның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған

АЛМАТЫ, 27 наурыз — Sputnik. Алматы халықаралық әуежайы жолаушылардың жүгін беруге қатысты туындаған проблеманы түсіндірді, деп жазады inAlmaty.kz. Ресми мәліметке сүйенсек, Turkmenistan Airlines - Türkmen Howa Ýollary әуе компаниясы жүк іздеу бөлімінің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

Алматы әуежайында болып жатқан аласапыран туралы Facebook қолданушысы Евгений Каньшин хабарлаған болатын.

"Жолаушылардың жүгімен бірге коммерциялық жүк транспортерлер арқылы беріліп жатыр. Әуе компаниясы түркіменстандық саудагерлердің тауарын неге бұлай тасымалдайтыны түсініксіз. Әуежай мұндай жүкті cargo қызметі арқылы жібере алмай ма?", - деп жазды Евгений таңырқап.

Алматы әуежайы маңында ұшақ өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Видео
Алматыда әуежай маңынан шыққан түтін тұрғындардың үрейін ұшырды

Видеода 1-ші транспортер бірінің үстіне бірі қаптаған ауыр теңдерге шамасы келмей, тоқтап қалды.

Әуежайдың баспасөз қызметі Түркіменстан әуе компаниясының жүгіне қатысты проблеманы түсіндірді.

"Қазір Turkmenistan Airlines - Türkmen Howa Ýollary Ашхабадтан Алматыға аптасына үш рейс жөнелтеді, әр рейсте жүкке қатысты қиындық туындап жатыр: Ашхабад әуежайында жүк толығымен тиелмейді. Уақытылы жіберілмеген жүкті әуе тасымалдаушысы араға біраз уақыт салып басқа рейспен жібереді", - дейді әуежай баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Алматы халықаралық әуежайының жүк іздеу бөдіміне 2019 жылдың қаңтарында Turkmenistan Airlines компаниясының жолаушыларынан 93 арыз түскен, ақпан айында – 293, наурызда – 118.

Астанаға ұшып келген Air Astana ұшағында тырысқақ жұқтырды деген күдікпен Украина азаматы тексерілді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астана әуежайын аяғынан тік тұрғызған "тырысқақ": Бекшин мән-жайды айтып берді

Оның үстіне, Ашхабадтан Алматыға жіберілетін рейстерде жүктің салмағы бір жолаушыға шаққанда 32 келіден асып кеткен, негізінде мұндай жүкті тасымалдағанда авиациялық жөнелтпе құжатын ресімдеу керек.

"Осындай ережелердің бұзылғаны туралы Алматы халықаралық әуежайы Turkmenistan Airlines компаниясының өкілдігіне хабарлап, проблеманы шешуді талай рет сұрады. Дегенмен бұл мәселе осы күнге дейін шешімін таппай келеді", - делінген Алматы әужайы баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Жаңалықтар
0