Қыз

Қазақ қызы АҚШ пен Гонконг университеттерінің 11 грантын жеңіп алды

321
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы "химиялық инженерия" мамандығын игермек

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алина Молдағалиева АҚШ пен Гонконг ЖОО-ларының 11 білім грантын жеңіп алды, деп хабарлайды uralskweek.kz.

Ұсынылған гранттар ішінен Алина АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Drexel University оқу орнын таңдап алған. Жас интеллектуал "Химиялық инженерия" мамандығы бойынша АҚШ-тағы президенттік грант пен Drexel білім грантының иегері атанды.

"Назарбаев зияткерлік мектебі мен үшін жаңа белестерге жол ашып, болашақ өміріме қажетті дағдыларды бойыма сіңдірді. Үштілділік саясаты жаһандану дәуірінде қазіргі заман қоғамының лайықты азаматы болуға бейімдейді", - дейді оқушы қыз.

Молдағалиеваға ұсынылған 11 гранттың алтауы толығымен тегін білім алуға мүмкіндік береді, ал қалған университеттер жартылай жеңілдік ұсынып отыр.

"Мен таңдаған Drexel University оқу орнының ең жақсы жері – бірінші курстан бастап жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға болады. Болашақта еліме қайтып оралып, химиялық инженерия саласын дамытсам деймін", - деп Алина арманымен бөлісті.

Алина – "Алтын белгiге" үміткер, Мәскеудегі МФТИ химия бойынша халықаралық онлайн-олимпиадасының жүлдегері, БҰҰ моделіндегі мектеп конференциясында Best Speech Certificate марапатының иегері, шаңғы спорты бойынша Орал қаласының чемпионы.

321
Кілт сөздер:
қазақ қызы, Орал, Гонконг, АҚШ
Дәрігер, архивтегі фото

Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған дәрігерлерге қатаң жаза кесілді

3060
(Жаңартылды 20:16 18.01.2021)
Қуаныш Нысанбаев 18 жылға, Асқар Қайыржан 16 жылға, Жәмилә Құлбатырова 15 жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды Ақ Жайық.

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды

Естеріңізге сала кетейік,  2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.

3060
Кілт сөздер:
сәби, Атырау
Тақырып бойынша
Тоңазытқыштағы бала өлімі: прокурор бас дәрігерді 20 жылға соттауды сұрады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: куәгер тірі нәрестені өз көзімен көргенін айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Балаңызды өлтірген жоқпыз": перзентхана экс-басшысының соттағы соңғы сөзі
ТҚКС, гараж

Алматы облысында көлігінің ұзақ жөнделгеніне ашуланған жүргізуші қызметкерге оқ атты

73
(Жаңартылды 18:05 18.01.2021)
Жараланған қызметкерге медициналық көмек көрсетілді, қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында көлігін ұзақ жөндегеніне ашуланған жүргізуші техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер күдіктіні "ізін суытпай" ұстады. ТҚКС қызметкері мен клиент сөзге келіп қалған.

"Криминалды полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде 51 жастағы күдіктіні ұстады. Жараланған адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында күдікті көлігінің ұзақ уақыт жөнделгеніне ашуланғаны анықталды. Ол қызметкермен жанжалдасып қалып, мылтықтан оқ атқан", - деп мәлімдеді Текелі қаласы полиция бөлімінің басшысы Ұлан Садықов.

Тағы оқыңыз: Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты

Күдіктіден заттай айғақтар тәркіленді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы, 24-бабы 3-тармағы, яғни адам өміріне қастандық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

73
Кілт сөздер:
көлік, жүргізуші, Алматы облысы
Спутник V вакцинасы

Еуропалық басылым "Спутник V" вакцинасына қолдау білдірді

0
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ, деп жазды "Monde diplomatique"француз газеті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.  

Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.

"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.  

Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.

"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.

Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.

 

0
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр