Иллюстративті фото

Шымкентте клизмадан күйіп қалған сәбидің жағдайы анасын алаңдатып отыр

1529
Клизмадан күйіп қалған бала әлі толық жазылмаған, қазір жергілікті дәрігерлер емдеп жатыр

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Шымкентте клизмадан күйіп, Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделіп шыққан шымкенттік сәбидің анасы Арайнұр Қалқаман Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берді.

Оның айтуынша, бала толық жазылмаған, олар жергілікті дәрігерлердің қарауымен әлі ем қабылдап жатыр.

22 сәуір күні Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан Шымкентте күйік шалған сәби емделіп шыққан болатын.

Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасымен бас дәрігерге сөгіс жарияланды 

"Баланың жағдайы жақсы, күйік жаралары толығымен жазылды. Бала 19 күн бойы емделді, қазір белсенді, температурасы жоқ, тәбеті жақсы", - деп жазылған Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сәбидің анасы бұл айтылғандарды жоққа шығармайды, бірақ жара толық жазылмағанын айтады.

Клизмадан күйген баланың қазіргі жағдайы

"Алматыдағы емханаға түскенде балама қиын болды. Өйткені күйікке қызылша мен тұмау келіп қосылды. Көп ине, антибиотик алдық. Бала шаршап қалды. Содан дәрігерлер үйге шығып, демалуға кеңес берді. Қазір температура жоқ. Онда барғанда басында екі күн қан түскен. Одан соң қойды. Үлкен жара кетті, бірақ қызарған орны әлі бар. Соған мазь жағып, дәкемен орап жүрміз", - дейді ол.

Арайнұр Алматыдағы дәрігерлер өзіне уәде бергенін де айтты.

"Бала да, мен де шаршадым. Бірақ толық жазылған жоқпыз ғой. Содан шығып кетсек, бұл кісілер қайта бізді қарамай қоя ма деп қатты күмәндандым. Осыны айтып едім, олар күлді. Қандай да бір күдігіңіз болса, бізге хабарласаңыз, мүмкіндік болса келіңіз, біз міндетті түрде қараймыз деп уәде берді", - дейді ол.

Қазір ем алған кішкентайдың іші қатып қалып жатыр екен. Анасы соған да қатты мазасыздануда.

"Үлкен дәреті кеше болмаған. Міне, бүгін де жоқ. Соған мазасызданып тұрмын. Әбден қорқып қалдым ғой. Бүгін біз тіркелген №7 қалалық емхананың хирургы мен педиатры келіп баланы көріп кетті. Дәкесін орап берді. Дәрігерлердің қарауымен ем алып жатырмыз", - дейді ана.

Оқыс оқиға қалай болды?

Бір жасар Нұрислам Тасболат 25 наурызда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Оған ЖРВИ диагнозы қойылған. Тамырына тамшы дәрі жіберілген соң жағдайы оңалып келе жатқан. Алайда 28 наурызда баланы қараған дәрігер оған клизма белгілеген. Өйткені бала 3 күн бойы үлкен дәретке отырмаған. Ал медбике клизма жасаған соң бала жан сақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.  Себебі клизманың суы ыстық болған. Зардап шегушінің анасы судың температурасы 50-60 градус болғанын айтады.

Бұдан кейін бала облыстық балалар ауруханасының күйік шалу бөліміне ауыстырылған.

Кейіннен сәби санавиациямен Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

Кінәлілер жазаланды ма?

Даулы іс Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің тікелей бақылауына алынған. Термиялық күйіктен соң баланың әкесі полицияға шағым түсірген. Тексеріс нәтижесінде 10 айлық сәбиге клизманы тиісті рұқсаты жоқ инфекционист-дәрігер жасағаны анықталды. Жауапты қызметкерлер оны қадағаламаған.

Осыдан кейін Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасының екі медбикесі жұмыстан босатылып, бас медбике қызметінен алынды. Сонымен қатар, бас дәрігер әкімшілік жазаға тартылып, оның орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.

1529
Кілт сөздер:
Шымкент, клизма
Тақырып бойынша
Шымкентте ыстық сумен клизма жасаған: тексеріс қорытындысы шықты
Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған медбикелер жұмыстан аластатылды
Қарағанды ауруханасында сәбилерге сутек тотығымен клизма қойған
Шымкентте балаға ыстық сумен клизма жасаған: министр мен бас дәрігер пікір білдірді
Қарағандыда 2 баланың ішегін күйдірген медбикелерге қатысты сот аяқталды
Шымкентте медбикелер ыстық сумен клизма жасаған сәбиді шұғыл Алматыға жеткізді
Жол жөндеу жұмысы

Сапарбаев ел арасында тараған өзіне қатысты қауесетке жауап берді

2
(Жаңартылды 15:02 02.12.2020)
Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, адамдар осы мәселені Шығыс Қазақстан облысын басқарған кезден бері айтып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиектас шығаратын зауыты жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыс әкіміне осы мәселеге қатысты сұрақ қойылды. "Жамбыл облысына әкім болып келгелі жиектастар жаппай ауыстырыла бастады. Сіздің жиектас шығаратын зауытыңыз бар ма?", - деді тілшілер. 

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, адамдар осы мәселені Шығыс Қазақстан облысынан бастап сұрап келеді. 

"Маған бұл сұрақты, шамамен, 15 жылдай қойып келе жатқан сияқты. Шығыс Қазақстан облысында (Сапарбаев ШҚО-ның 2009-2014 жылдары басқарды - Sputnik) басталып, Жамбыл облысында жалғасып келеді. Мен Шығыс Қазақстанда жүргенде зауытымның жоқ екенін айтқанмын. Менде зауыт болғанда, бәлкім, әкім болып жұмыс істемейтін едім", - дейді Сапарбаев. 

Осы орайда аймақ басшысы жол құрылысына да тоқталды. Оның айтуынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде жиектастың бар-жоғы ескеріледі. Сосын жиектастың сапасына да баса назар аударылады. Осының негізінде оны ауыстыруға, я болмаса, ауыстырмауға шешім қабылданады.

 

2
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев
Тақырып бойынша
Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па – әкім жауабы
Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке ауысты
"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл масқара ғой": Реформалардың нәтижесі Сапарбаевтың ашуын келтірді  
Стоматология

Орал тұрғыны стоматологияда күйіп қалып, ауруханада қайтыс болды

2517
Полицейлер қылмыстық іс қозғап, жәбірленушінің өрт шықпаған ғимаратта қалай күйіп қалғанын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Орал стоматологиясында жазатайым оқиға болды, 31 жастағы әйел белгісіз затқа күйіп қалып, ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

"Мой город" өңірлік басылымының хабарлауынша, трагедия 30 қарашада "Строитель" шағын ауданында орналасқан стоматологияда болған.

Оқи отырыңыз: Біртанов стоматологияда көз жұмған баланың өліміне қатысты түсініктеме

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мереке Жұмағалиев қалалық көпсалалы ауруханаға белгісіз жағдайда күйіп қалған әйел жеткізілгенін айтты.

Өрт шыққаны туралы хабарлама түспегендіктен өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жіберілмеген.

"Оқиға орнына Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды. Стоматология иесі жәбірленушінің стоматология бөлмесін тазартып жатқан кезде белгісіз жағдайда және белгісіз затқа күйіп қалғанын айтты. Материал облыстық полиция басқармасына тапсырылды", - деді Жұмағалиев.  

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің денесінің 80%-ін күйік шалғанын хабарлады. Сол күні әйел алған жарақатынан есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

2517
Тақырып бойынша
Ақтауда балаға күш қолданған стоматолог қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда тісін емдеткеннен кейін екі жастағы бала комаға түсті